БИОИМПЕДАНСТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ НУТРИТИВТІ АНЫҚТАУ. АНЫҚТАУ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТАЛДАУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/ssspdg71Кілт сөздер:
биоимпеданстық талдау, фазалық бұрыш, ойық жаралы колит, Крон ауруы, нутритивті статус, мальабсорцияАңдатпа
Кіріспе. Ойық жаралы колит және Крон ауруын қамтитын ішектің қабыну аурулары көбінесе тамақтану жағдайының бұзылуымен бірге жүреді. Бұл жағдайларда ДСИ-ді, қан көрсеткіштерін есептеуден бөлек биоимпеданстық талдауды қолдануға болады. Биоимпеданстық талдау-клиникалық және клиникаға дейінгі жағдайларда нутритивті статусты бағалаудың инвазивті емес, арзан және сенімді әдісі. Зерттеудің мақсаты: Биоимпеданстық талдауды қолдана отырып, ІҚА бар науқастардағы нутритивті статустың сипаттамасын анықтау. Материалдары мен әдістері: PubMed, Cyberlink, ScienceDirect базалары бойынша әдеби шолу жүргізілді. Әдеби шолудағы мақалаларда қолданылған зерттеулер кросс, рандомизацияланған және ретроспективті зерттеулер болды. Критерийлерге сәйкес келетін барлығы 13 мақала енгізілді. Сонымен қатар Алматы қаласының гастроэнтерология, гепатология және метаболизм институт базасында клиникалық жағдайларға ерттеудің бақылау әдісі қолданыла отырып талдау жүргізілді. Нәтижелері: Әдеби шолу деректері мен қарастырылған клиникалық жағдайларға сүйене отырып, ІҚА-мен ауыратын барлық науқастарда, ДСИ-нің қалыпты көрсеткіштерімен, толыққанды, рациональды тамақтану, ұтымды физикалық белсенділік болғанның өзінде бұлшықет массасының жетіспеушілігі байқалады. Бұл өзгерістер әдеттегі тексерулермен анықталмайды. Осылайша, бұлшықет массасының жетіспеушілігін және мальабсорбция синдромына байланысты тұтынылатын минералдар мен ақуыздардың жетіспеушілігін анықтау мақсатында ІҚА бар барлық науқастарға биоимпедансометрия жүргізу ұсынылады.
Қорытынды: Биоимпеданстық талдауды қолданубастапқыда ІҚА пациенттерінің нутритивті статусын бақылау үшін қолданылатын барлық зерттеу әдістерін толықтыра алатын құнды құрал болып табылады. Сондай-ақ, биоимпеданстық талдау арқылы алынған фазалық бұрышты бағалау клиникалық тәжірибеде ІҚА бар науқастардың нутритивті статусына скрининг және бақылау құралы ретінде ұсынылуы қажет.
Әдебиеттер тізімі
Gainutdin A.E., Nersesov A.V., Raisova A.M., Suleimenova D.S., Ashimova N.A., Madenova S.S., Shamshidinova M.A., Ismagulova M.A., Mustapayeva A.A., Seitman B.A., Rakhmatalieva M.N., Kakimova M.T., Aznabakieva M.M., Yessimova A.A. Determination of nutritional status in patients with inflammatory bowel diseases using bioimpedance research. Analysis of clinical cases // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (3), pp. 215-221. doi 10.34689/SH.2024.26.3.025
Гайнутдин А.Е., Нерсесов А.В., Раисова А.М., Сулейменова Д.С., Ашимова Н.А., Маденова С.С., Шамшидинова М.А., Исмагулова М.А., Мустапаева А.А., Сеитман Б.А., Рахматалиева М.Н., Какимова М.Т., Азнабакиева М.М., Есимова А.А. Определение нутритивного статуса у пациентов с воспалительными заболеваниями кишечника с использованием биоимпедансного исследования. Разбор клинических кейсов // Наука и дравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 215-221. doi 10.34689/SH.2024.26.3.025
Гайнутдин А.Е., Нерсесов А.В., Раисова А.М., Сулейменова Д.С., Ашимова Н.А., Маденова С.С., Шамшидинова М.А., Исмагулова М.А., Мустапаева А.А., Сеитман Б.А., Рахматалиева М.Н., Какимова М.Т., Азнабакиева М.М., Есимова А.А. Биоимпеданстық зерттеулерді қолдана отырып, ішектің қабыну аурулары бар науқастардың нутритивті анықтау. Анықтау. Клиникалық жағдайларды талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 215-221. doi 10.34689/SH.2024.26.3.025
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.