ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АНЫҚТАУЫШТАРЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ӨМІР САПАСЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/qs8q7n25Кілт сөздер:
NEET, өмір сапасы, жұмыссыздық, денсаулықтың өзін-өзі бағалау, жастар денсаулығы, әлеуметтік анықтағыштарАңдатпа
Мақсаты. Әлемдегі трендттермен қатар Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық әлеуметтік, экономикалық және денсаулық теңсіздіктеріне ықпал ететін мәселе болып қала береді. Бұл зерттеу Қазақстандағы жұмыссыз жастардың денсаулық әлеуметтік анықтауыштарын, әсіресе экономикалық теңсіздіктің өмір сапасына әсерін бағалауға бағытталды. Әдістері. Зерттеуде көлденең зерттеу дизайны қолданылды, жұмыссыз және жұмыспен қамтылған 18–29 жас аралығындағы жастар арасында Өмір Сапасы, Ризашылық және Қанағаттану Сауалнамасы (Q-LES-Q) пайдаланылды. Статистикалық талдаулар, соның ішінде Манн-Уитни тесті және көптік регрессия жүргізілді. Нәтижелері. Жұмыссыз жастардың өмір сапасы жұмыспен қамтылған жастарға қарағанда едәуір төмен екені анықталды (U=36878.5, Z=-3.472, p=0.001). Өмір сапасының негізгі анықтағыштары қаржылық жағдай, ерлі-зайыптылық және үкіметтік қолдаудың қабылдануы болып табылды. Регрессия талдауы өмір сапасының айтарлықтай болжаушылары ретінде қаржылық жайт, отбасылық жағдай және үкіметтік қолдауды анықтады, модель өзгеріс көрсеткішінің 58%-ын түсіндірді (R²=0.582). Қорытынды. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық олардың өмір сапасының төмендеуімен тығыз байланысты, оған экономикалық теңсіздік пен шектеулі әлеуметтік қолдау әсер етеді. Қаржылық тұрақсыздықты азайту және мемлекет пен қауымдастықтың қолдау жүйелерін күшейту жұмыссыз жастардың әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
Duisekova S., Gaisina M., Akhmetova K., Uazhanov M., Sekenova R.K., Dauletova G.Sh. Social Determinants of Health Among Unemployed Youth in Kazakhstan: How Economic Disparity Affects Quality of Life // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 79-87. doi 10.34689/SH.2025.27.3.009
Дуйсекова С., Гайсина М., Ахметова К.М., Уажанов М., Секенова Р.К., Даулетова Г.Ш. Социальные детерминанты здоровья среди безработной молодежи в Казахстане: как экономическое различие влияет на качество жизни // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 79-87. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.009
Дуйсекова С., Гайсина М., Ахметова К.М., Уажанов М., Секенова Р.К., Даулетова Г.Ш. Қазақстандағы жұмыссыз жастардың денсаулықтың әлеуметтік анықтауыштары: Экономикалық ерекшеліктердің өмір сапасына әсері // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 79–87. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.009
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.