КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЫСАЛЫНДАҒЫ АНКИЛОЗДАУШЫ СПОНДИЛИТ КЕЗІНДЕГІ ОСТЕОПОРОЗ БЕН ОСТЕОГЕНЕЗ – ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҮРДІСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІРІЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/tz52bb08Кілт сөздер:
Остеопороз, анкилоздаушы спондилоартрит, сүйектің минеральды тығыздығы, екіэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия, омыртқаның патологиялық сынығыАңдатпа
Анкилоздаушы спондилоартрит (АС) ревматикалық аурулардың заманауи ғылымының дамуына қарамастан толық зерттелмеген патология болып есептеледі. АС үшін қарама-қарсы екі үрдістің: остеогенез бен остеопороздың бір мезеттегі белсендірілуі парадоксальды болып табылады. Біздің мақалада КеАҚ «Семей медицина университетінің» Университеттік госпиталінде анықталған АС екі науқас сипатталған, онда омыртқаның патологиялық сынығына әкеліп соқтырған қарама-қарсы екі үрдіс – остеогенез бен остеопороздың бір мезетте дамуының әсері ретінде көрініс тапқан. Остеопороздың ауру ұзақтығы, персистирлеуші жоғарғы белсенділік, Среактивті белок, BASDAI және BASFI индекстері, сүйек тығыздығының төмендеуі тәрізді қауіп факторларымен остеогенездің жоғарылаған үрдісі – анкилоз салдарынан омыртқа қозғалғыштығының жойылуы, стероидты қабынуға қарсы препараттарды ұзақ уақыт қабылдау және базисті емнің тиімсіздігі С. науқаста омыртқаның сынуына және М. науқаста сынудың жоғарғы қауіптілігіне әкеледі. Патологиялық сынықтың АС науқастарында алдын алу үшін сүйек тінінің тығыздығын ерте мониторлау, сыну қаупін бағалау мақсатында DXA клиникалық қолданылуын ары қарай зерттеу және остеопороздың алдын алу мақсатында емдік препараттарды уақытылы қабылдау шараларын жүргізу қажет.
Әдебиеттер тізімі
Madieva M.R., Kaskabaeva A.Sh., Rymbaeva T.Kh., BersimbekovA G.B., Kanapiyanova G.B., Mukanova A.K. Activation of opposite processes – osteoporosis and osteogenesis in ankylosing spondylitis using the clinical cases // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, (Vol.26) 1, pp. 253-258. doi 10.34689/SH.2024.26.1.030
Мадиева М.Р., Каскабаева А.Ш., Рымбаева Т.Х., Берсимбекова Г.Б., Канапиянова Г.Б., Муканова А.K. Активация противоположных процессов –остеопороза и остеогенеза при анкилозирующем спондилоартрите на примере клинических случаев // Наука и Здравоохранение. 2024. 4 (Т.26). С. 253-258. doi 10.34689/SH.2024.26.1.030
Мадиева М.Р., Каскабаева А.Ш., Рымбаева Т.Х., Берсимбекова Г.Б., Канапиянова Г.Б., Муканова А.K. Клиникалық жағдай мысалындағы анкилоздаушы спондилит кезіндегі остеопороз бен остеогенез – қарама-қарсы үрдістердің белсендірілуі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 253-258. doi 10.34689/SH.2024.26.1.030
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.