ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМЕКІЛЕРДІҢ ӘСЕРІНЕН ӨКПЕ ТІНІНДЕГІ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/vz4d4z51Кілт сөздер:
никотинді жеткізуге арналған электрондық жүйелер, вейпинг, өкпе, морфология, қабыну, фиброз, оксидативтік стрессАңдатпа
Өзектілігі. Қазіргі уақытта электрондық темекілер немесе вейптер, әсіресе жастар арасында, кеңінен таралған. Электрондық темекінің аэрозолі никотинді, хош иістендіргіштерді, пропиленгликольді, глицеринді және жылулық ыдырау өнімдерін қамтиды, олар өкпенің терең бөлімдеріне еніп, қабыну және тіпті обырға дейінгі өзгерістер тудыруы мүмкін. Дүниежүзілік деңгейде тыныс алу жүйесі ауруларының сырқаттанушылығын және өлім-жітімін төмендету үшін электрондық темекі шегудің алдын алуға бағытталған халықаралық және ұлттық шаралар қажет. Зерттеу мақсаты: Электрондық темекі аэрозолінің әсерінен анықталған өкпе тініндегі морфологиялық өзгерістер жөніндегі мәліметтерді жинақтау. Іздеу стратегиясы: PubMed, Scopus, Google Scholar және eLibrary сияқты халықаралық ағылшын- және орыс тіліндегі деректер базасын пайдалана отырып, жүйелі шолулар мен түпнұсқа зерттеулер талданды. Іздеу 2015 жылдан 2025 жылдың март айына дейінгі жарияланымдарды қамтыды және келесі кілт сөздер қолданылды: «никотинді жеткізуге арналған электрондық жүйелер», «вейпинг», «өкпе», «морфология», «оксидативтік стресс». Нәтижелер: Әдебиеттерді талдау соңғы он жылдықта электрондық темекіні қолданудың айтарлықтай өскенін көрсетті. Электрондық темекі аэрозолі алдымен тыныс алу жүйесіне түсетіндіктен, негізгі зақымданулар өкпе тінінде байқалады. Қорытындылар: Ғылыми әдебиеттерге жүргізілген шолу электрондық темекі қолданудың тыныс алу жүйесіне теріс әсерін көрсетеді, оған жедел зақымданулар, созылмалы қабыну және өкпедегі фиброздық өзгерістер жатады. Зақымданудың ықтимал молекулалық механизмдері — оксидативтік стресс, қабынуға қарсы цитокиндердің белсенуі, ДНҚ репарациясының тежелуі. Электрондық темекіні қолданудың ұзақ мерзімді салдарын бағалау үшін морфологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулерді жалғастыру қажеттілігі атап өтіледі.
Әдебиеттер тізімі
Tatykayeva U.B., Abdullayeva A.A., Sadykova K.Zh., Apbassova S.А., Apbassova M., Nuskabaeva G.О., Nurdinov N.S. Pathological changes in lung tissue under the influence of electronic cigarettes. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 174-182. doi 10.34689/SH.2025.27.4.022
Татыкаева У.Б., Абдуллаева А.А., Садыкова К.Ж., Апбасова С.А., Апбасова М., Нускабаева Г.О., Нұрдинов Н.С. Патоморфологические изменения лёгочной ткани при воздействии электронных сигарет. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.174-182. doi 10.34689/SH.2025.27.4.022
Татыкаева У.Б., Абдуллаева А.А., Садыкова К.Ж., Апбасова С.А., Апбасова М., Нускабаева Г.О., Нұрдинов Н.С. Электрондық темекілердің әсерінен өкпе тініндегі патоморфологиялық өзгерістер. Әдебиеттік шолу. // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 174-182. doi 10.34689/SH.2025.27.4.022
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.