ӨҢЕШ ПЕН АСҚАЗАННЫҢ ВАРИКОЗДЫК КЕҢЕЙГЕН ВЕНАЛАРЫНАН ҚАН КЕТУДІ ЕМДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/avgpdv08Кілт сөздер:
бауыр циррозы, портальды гипертензия, өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген веналары, қан кетy, эндоскопиялық түйіндерді байлауАңдатпа
Кіріспе. Өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген веналарынан (ВКВ) туындайтын қан кету — бауыр циррозы мен портальды гипертензияның ең қауіпті асқынуларының бірі. Бұл жағдай, әсіресе диагноздың кеш қойылуында және бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі кезінде, жоғары өлім-жітіммен сипатталады. Мақсаты. Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы хирургия бөлімінде 2022–2024 жылдар аралығында ВКВ-нан қан кету диагнозымен емделген науқастардың клиникалық сипаттамаларын және емдеу нәтижелерін бағалау. Материалдар мен тәсілдер. Зерттеуге ВКВ-нан қан кеткен 162 науқас енгізілді. Клиникалық деректер, цирроздың ауырлығы (Child–Pugh шкаласы бойынша), MELD индексі, эндоскопиялық жіктеу (JGES), емдеу нәтижелері зерттелді. Деректерге сипаттамалық статистика, Стьюденттің t-критерийі, χ²-тест және бір факторлы дисперсиялық талдау (ANOVA) қолданылды. Рецидив қаупін бағалау үшін салыстырмалы қауіп көрсеткіші (OR) және 95% сенімділік аралығы есептелді. p < 0,05 статистикалық мәнділік ретінде қабылданды. Нәтижелер. 162 науқастың ішінде ерлердің үлесі – 55,6%, орташа жасы – 54,3 ± 11,2 жас. Анемия (<70 г/л) 62,3% науқаста анықталды. II–III дәрежелі ВКВ – 95,1%, ал Child–Pugh шкаласы бойынша B және C сыныптары – 69,7%. Ерте эндоскопиялық түйіндерді байлау (<24 сағат) рецидивті 2,3%-ға дейін төмендетті, ≥24 сағатта – 12,5% (OR = 2,32); қызыл маркерлердің (RCS) болуы рецидив қаупін 17,9%-ға дейін арттырды (OR = 6,51). Жалпы өлімжітім – 4,32%, отадан кейінгі өлім – 1,2%; барлық өлім жағдайлары ауыр бауыр жеткіліксіздігімен байланысты болды. Қорытындылар. ВКВ-нан қан кету бауыр циррозының ауыр асқынуы ретінде жедел диагноз қоюды және белсенді емдеу тактикасын талап етеді. Ерте эндоскопиялық түйіндерді байлау рецидив пен өлім-жітім қаупін тиімді төмендетеді. RCS және III дәрежелі ВКВ қолайсыз болжам көрсеткіштері болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
Ibekenov O.T., Baymakhanov A.N.. Berkinbay A.B.. Zheldibaev Y.M., Duisebekov M.K.. Esenbekov N.B., Iskakov S.K., Abdykadyrov M.K., Tulebaev E.S., Myrzash D.D. Analysis of treatment outcomes for bleeding from esophageal and gastric varices // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 143-150. doi 10.34689/SH.2025.27.3.016
Ибекенов О.Т., Баймаханов А.Н., Беркинбай А.Б., Желдибаев Е.М., Дуйсебеков М.К., Есенбеко Н.Б., Искаков С.И., Абдыкадыров М.К., Тулебаев Е.С., Мырзаш Д.Д. Анализ результатов лечения кровотечений из варикознорасширенных вен пищевода и желудка // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 143 150. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.016
Ибекенов О.Т., Баймаханов А.Н., Беркінбай А.Б., Желдібаев Е.М., Дүйсебеков М.К., Есенбеко Н.Б., Искаков С.И., Абдыкадыров М.К., Тулебаев Е.С., Мырзаш Д.Д. Өңеш пен асқазанның варикоздык кеңейген веналарынан қан кетуді емдеу нәтижелерін талдау // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27(3), Б.143–150. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.016
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.