РЕВЕРСИЯЛАНҒАН КӨКТАМЫРМЕН СЕЛЕКТИВТІ БИФУРКАЦИЯЛЫҚ ПРОФУНДОПЛАСТИКА ӘДІСІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, АЯҚТЫҢ КРИТИКАЛЫҚ ИШЕМИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРҒА ЖАСАЛҒАН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/0vf2e209Кілт сөздер:
Аяқтың критикалық ишемиясы, атеросклероз, ампутация, профундопластикаАңдатпа
Бұл мақалада аяқтың критикалық ишемиясы кезіндегі хирургиялық тактика мен оның асқынулары, ерте және кеш отадан кейінгі кезеңдердегі ерекшеліктері қарастырылған. Аяқты ампутациялау көрсеткіштерінің жоғарылығы хирургтарды жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тиімді әдістерді іздеуге итермелейді. Тізеден төмен деңгейде ампутация жасау қолайлы болып саналады, себебі тізе буынының сақталуы функционалды нәтижелерді едәуір жақсартады, атап айтқанда – сәтті протездеу мүмкіндігін және аяқтың тірек қабілетін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Алайда, тұқылдың (культяның) тез жазылуы, операциядан кейінгі асқынулар қаупі және протездеу ампутация аймағындағы қанмен қамтамасыз етілу деңгейіне айтарлықтай байланысты. Зерттеудің мақсаты: Реверсияланған көктамырмен орындалатын бифуркациялық селективті профундопластика қолдану арқылы аяқтың критикалық ишемиясы бар науқастарды хирургиялық емдеу нәтижелерін жақсарту. Материалдар мен әдістер: Зерттеуге 2022–2024 жылдар аралығында Абай облысының Семей қаласында ота жасалған 63 науқас қатысты. Зерттеу барысында аяқтың критикалық ишемиясы бар науқастарға қолданылған хирургиялық емдеу әдістерінің жалпы сипаттамалары мен соңғы нәтижелері талданды. Нәтижелер: Талдау көрсеткендей, сирақ ампутациясын бифуркациялық профундопластикамен бірге өткізген науқастарда, оқшауланған ампутация жасалған топпен салыстырғанда, операциядан кейінгі нәтижелер жақсы болды. Екінші топта тұқылдың (культя) асқынулар сенімді түрде аз кездесті, протездеу мүмкіндігі жоғары болды (71,9% қарсы 45,2%, p < 0,05), сондай-ақ терең жамбас артериясының өткізгіштігі 12 айлық бақылау кезеңінде 81,3% жағдайда сақталды. Қорытынды: Алынған деректер тізе буынын сақтау және профундопластика арқылы коллатералды қан айналымын жақсарту функционалды нәтижелерді күшейтіп, науқастардың өмір сапасын арттыратынын дәлелдейді. Ұсынылған кешенді тәсіл айқын тамырлық патологиясы бар әрі тікелей реваскуляризация жасау мүмкіндігі шектеулі науқастарда оқшауланған ампутацияға тиімді альтернативі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
Kozhakhmetov Zh.O., Sabitov Y.T., Toleutayev T.A., Toleutayeva D.M., Kazymov Ye.M., Imanbaev M.N. Results of surgical treatment of patients with critical ischaemia of the lower extremities using bifurcation selective profundoplasty with reversed autovenous grafting // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 91-97. doi 10.34689/SH.2025.27.4.012
Кожахметов Ж.О., Сабитов Е.Т., Толеутаев Т.А., Толеутаева Д.М., Казымов Е.М., Иманбаев М.Н. Результаты хирургического лечения больных с критической ишемией нижних конечностей с применением бифуркационной селективной профундопластики с реверсированной аутовеной // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С.91-97. doi 10.34689/SH.2025.27.4.012
Кожахметов Ж.О., Сабитов Е.Т., Толеутаев Т.А., Толеутаева Д.М., Казымов Е.М., Иманбаев М.Н.,
Реверсияланған көктамырмен селективті бифуркациялық профундопластика әдісін қолдана отырып, аяқтың критикалық ишемиясы бар науқастарға жасалған хирургиялық емдеудің нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 91-97. doi 10.34689/SH.2025.27.4.012
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.