СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АУЫЗ ҚУЫСЫ КАНДИДОЗЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/xsew1408Кілт сөздер:
ауыз қуысының кандидозы, Candida albicans, студенттер, антибиотикотерапия, алдын алуАңдатпа
Кіріспе: Ауыз қуысының кандидозы – жиі кездесетін саңырауқұлақ инфекциясы, оның таралуы соңғы жылдары артып келеді. Бұл аурудың дамуына иммунитеттің төмендеуі, ұзақ мерзімді антибиотикотерапия және дисбактериоз ықпал етеді. Алайда студенттер арасында бұл инфекцияның алдын алу шаралары туралы хабардарлық деңгейі төмен болып отыр. Мақсат: «СМУ» КеАҚ студенттерінің ауыз қуысының кандидозы, оның қауіп факторлары және алдын алу шаралары туралы хабардарлығын бағалау және жас, жыныс пен оқу курсының әсерін анықтау. Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны: бірсәтті көлденең зерттеу.Зерттеу 109 студенттің қатысуымен анонимді онлайн-сауалнама түрінде жүргізілді. Статистикалық талдау үшін хи-квадрат Пирсон критерийі қолданылды. Нәтижелер: Студенттердің көбісі ауыз қуысының кандидозы және оның алдын алу шаралары туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес. Жас ерекшелігі мен оқу курсы хабардарлық деңгейіне әсер ететіні анықталды (p < 0.05), ал жыныстық айырмашылықтар байқалмады (p > 0.05). 25–30 жас аралығындағы студенттер инфекция туралы жақсы хабардар болғанымен, 16–18 жас тобында білім деңгейі айтарлықтай төмен болды. Қорытынды: Ауыз қуысының кандидозының алдын алу бойынша студенттердің білімін арттыру қажет. Инфекцияның даму қаупін төмендету үшін ақпараттық іс-шараларды күшейту, антибиотиктерді ұтымды пайдалану, және пробиотиктерді қоса қолдану маңызды.
Әдебиеттер тізімі
Mukasheva G.D., Kurmasheva M.O., Seitzhanova A.B., Shabdarbayeva D.M., Smailova Zh.K., Maukayeva S.B., Kudaibergenova N.K., Kairkhanov Ye.K., Kozhanova S.K., Mukanova D.А., Zhunuspekova A.S. Awareness of students of Semey Medical University about the prevention of oral candidiasis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 117-124. doi 10.34689/SH.2025.27.4.014
Мукашева Г.Д., Курмашева М.Ө., Сейтжанова А.Б., Шабдарбаева Д.М., Смаилова Ж.К., Маукаева С.Б., Кудайбергенова Н.К., Kaирханов Е.K., Koжанова С.K., Mуканова Д.А., Жунуспекова А.С. Осведомленность обучающихся Медицинского университета Семей о профилактике кандидоза полости рта // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.117-124. doi 10.34689/SH.2025.27.4.014
Мукашева Г.Д., Курмашева М.Ө., Сейтжанова А.Б., Шабдарбаева Д.М., Смаилова Ж.К., Маукаева С.Б., Кудайбергенова Н.К., Kaирханов Е.K., Koжанова С.K., Mуканова Д.А., Жунуспекова А.С. Семей медицина университеті студенттерінің ауыз қуысы кандидозының алдын алу туралы хабардарлығы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 117-124. doi 10.34689/SH.2025.27.4.014
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.