ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АМБУЛАТОРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ: ДҮНИЕЖҮЖІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/x6mh0k82Кілт сөздер:
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының индикаторлары, Амбулаторлық көмек, Қазақстан емханалары, Дәрі жазу және беруАңдатпа
Кіріспе: Дәрілік заттарды (ДЗ) ұтымды пайдалану - қауіпсіз, тиімді және қолжетімді амбулаторлық көмектің кілті. Біз Шымкент қаласының емханаларындағы тәжірибенің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) индикаторларына қаншалықты сәйкес келетінін бағаладық. Мақсат: Амбулаторлық буында ДДСҰ индикаторларын (дәрі жазу және пациенттерді қамтамасыз ету) бағалау және мақсатты жетілдіруді талап ететін вариабельділікті анықтау. Материалдар мен Әдістер: ДДСҰ әдістемесі бойынша көлденең зерттеу (2024 ж. желтоқсан - 2025 ж. сәуір) 13 емханада жүргізілді. Қызмет көрсету индикаторлары үшін 390 амбулаторлық қабылдау және дәрі жазу индикаторлары үшін 1300 рецепт талданды. Сипаттамалық статистика, Уэлч ANOVA және перестановкалы χ²- тесттер қолданылды. Бенчмаркинг үшін интегралдық көрсеткіштер (performance indices) қалыптастырылды. Нәтижелер: Консультацияның орташа ұзақтығы - 13,5±6,2 мин (орталықтар бойынша 3–35; p<0,001). ДЗ беру уақыты – 205±139 сек (45–960; p<0,001). Орта есеппен тағайындалған ДЗ-ның 94,4%-ы берілген; дұрыс дозаны білетін пациенттердің үлесі – 86,4%; екі көрсеткіш те орталықтар арасында айтарлықтай ерекшеленді. Бір қабылдауда орта есеппен 1,8±0,9 дәрі тағайындалған; 100% тағайындау Халықаралық патенттелмеген атаулар бойынша және Өмірлік маңызы бар дәрілер тізімінен жасалған. Антибиотиктер 3,4% қабылдауда тағайындалды (орталықтар бойынша 0–8%; p=0,01). Инъекциялар - 24,5% қабылдауда (вариация аз; p=0,992). Интегралдық индекстер қызмет көрсетуде 9- орталықтың, ал дәрі жазуда 7-орталықтың үздік жұмысын көрсетті; 2, 6 және 13-орталықтар жүйелі түрде артта қалды (мысалы, 6-орталықта ДЗ тек 77% берілген, дозаны білу деңгейі – 60%). Қорытындылар: Шымкенттегі амбулаторлық көмек мықты жақтарға ие - төмен полипрагмазия, 100% МНН бойынша және негізгі ДЗ тізімінен тағайындаулар, антибиотиктердің салыстырмалы түрде төмен деңгейде тағайындалуы. Сонымен бірге, проблемалы аймақтар анықталды: консультация мен ДЗ беру уақытының едәуір вариабельділігі, пациенттерді жеткіліксіз ақпараттандыру, жекелеген орталықтардағы ДЗ тапшылығы және инъекциялардың тұрақты жоғары деңгейі. Басым шаралар: қабылдау ұзақтығы мен дәрі беру процесін стандарттау, негізсіз инъекцияларды клиникалық хаттамалар мен дәрігерлерді оқыту арқылы азайту, фармацевтикалық кеңес беру мен пациенттерге білім беруді күшейту, ДЗ қолжетімділігін теңестіру - ең алдымен артта қалып отырған орталықтарда.
Әдебиеттер тізімі
Amirkhanova G.N., Yermukhanova Ly.S., Mussina A.Z., Dzhusupov K.O., Kimatova K.N., Nurbakyt A.N., Assylbekov N.A. Rationale use of medicines in outpatient practice in Kazakhstan: assessment of World Health Organization indicators // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 113-122. doi 10.34689/SH.2025.27.4.015
Амирханова Г.Н., Ермуханова Л.С., Мусина А.З., Джусупов К.О., Киматова К.Н., Нурбакыт А.Н., Асылбеков Н.А. Рациональное использование лекарственных средств в амбулаторной практике Казахстана: оценка индикаторов Всемирной Организации Здравоохранения // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.113-122. doi 10.34689/SH.2025.27.4.015
Амирханова Г.Н., Ермуханова Л.С., Мусина А.З., Жүсіпов К.О., Киматова К.Н., Нурбакыт А.Н., Әсілбеков Н.А. Қазақстандағы амбулаторлық тәжірибеде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштерін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 113-122. doi 10.34689/SH.2025.27.4.015
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.