ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИТОГЕНЕТИКАЛЫҚ СТАТУС АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНІ САУ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИНАМИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/ych1x265Кілт сөздер:
иммунитет, иммуноглобулиндер, хромосомалық аберрациялар, плазма, лимфоциттер, экологияАңдатпа
Өзектілігі: Қазіргі уақытта көптеген елдерде иммундық жүйені және халықтың генетикалық ерекшеліктерін интегральды бағалау негізінде зерттеу және профилактикалық медицина принциптері әзәрленіп, олар тәжірибе жүзінде енгізілуде. Денсаулық пен қоршаған ортаның адамға әсерін көрсетудің белгілі және ақпараттық әдістерінің бірі-цитогенетикалық және иммунологиялық статусын зерттеу болып табылады. Мақсат: соңғы 15 жыл ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарының перифериялық қан лимфоциттерінде хромосомалық аберрациялардың түзілу критерийі және дені сау адамдарда плазмадағы иммуноглобулиндердің құрамы бойынша цитогенетикалық және иммунологиялық мәртебесін зерттеу. Зерттеу материалы және әдістері. Алматы қаласында және Алматы облысында тұратын 35 жастан 60 жасқа дейінгі дені сау адамдарға 15 жыл бойы салыстырмалы динамикада биохимиялық және цитогенетикалық тексеру жүргізілді. Зерттелген адамдарда қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің деңгейі, перифериялық қан лимфоциттеріндегі хромосомалық аберрациялардың жиілігі мен спектрі анықталды.
Нәтижесі. Алматы өңірінің қалалық және ауылдық популяцияларының дені сау адамдарында плазмадағы иммуноглобулиндердің құрамындағы айырмашылықтар анықталды. Олардың плазмадағы құрамының бірқатар факторлардан – тұрғылықты жерінен, ауданның экологиялық жағдайынан, жасына байланысы атап өтілді. Иммуноглобулиндерді талдау және оларды түсіндіру, ауруды дәлірек диагностикалау және болжау үшін ақпараттырақ болатынын алынған нәтижелермен дәлелденеді. Алматы қаласының тұрғындарын цитогенетикалық тексеру алматылықтарда хромосомалық аберрациялардың жиілігі соңғы 15 жылда сенімді түрде артқанын және оның деңгейі ауылдық жерлерде тұратын адамдарға қарағанда сенімді түрде жоғары екенін көрсетті. Осы көрсеткіштердің өзара байланысы анықталды. Жоғарлап жатқан антропогендік жүктеме жағдайында халықтың иммундық және цитогенетикалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігі көрсетілген. Экологиялықгенетикалық және иммунологиялық зерттеулер үшін бақылау топтарын таңдаудың дұрыстығы және зерттелушілердің қалалық топтарды қалалықпен немесе ауылдық топтарды ауылдықпен салыстыру мәселесі талқыланады. Қорытынды. Соңғы 15 жылдағы дені сау адамдарда цитогенетикалық және иммунологиялық көрсеткіштердің теріс динамикасы анықталды, бұл экологиялық жағдайдың нашарлауымен ғана емес, сонымен бірге өткен коронавирустық пандемиямен де байланысты болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
Чередниченко О.Г., Демченко Г.А., Капышева У.Н., Бахтиярова Ш.К., Пилюгина А.Л., Кожаниязова У.Н., Жаксымов Б.И., Койбасова Л.У. Иммунологический и цитогенетический статус относительно здоровых жителей г. Алматы и Алматинской области в динамике // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 40-53. doi 10.34689/SH.2024.26.3.005
Cherednichenko O.G., Demchenko G.A., Kapysheva U.N., Bakhtiyarova Sh.K., Pilyugina A.L., Kozhaniyazova U.N., Zhaksymov B.I., Koibasova L.U. Immunological and cytogenetic status relatively healthy residents of Almaty city and Almaty region in dynamics // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (3), pp. 40-53. doi 10.34689/SH.2024.26.3.005
Чередниченко О.Г., Демченко Г.А., Капышева У.Н., Бахтиярова Ш.К., Пилюгина А.Л., Кожаниязова У.Н., Жаксымов Б.И., Койбасова Л.У. Иммунологиялық және цитогенетикалық статус Алматы қаласы және Алматы облысындағы дені сау тұрғындарының салыстырмалы динамикасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 40-53. doi 10.34689/SH.2024.26.3.005
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.