BRUCELLA SPP. АНТИГЕНДЕРІНІҢ АДАМ БРУЦЕЛЛЁЗІНІҢ ПАТОГЕНЕЗІ МЕН ДИАГНОСТИКАСЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/rrjfzn66Кілт сөздер:
бруцеллез, Brucella spp., антигендер, сыртқы мембраналық белоктар, диагностика, вакцина, жылулық шок белоктары, липополисахаридтер, белоктар, IV типті секреция жүйесінің белоктарыАңдатпа
Кіріспе. Бруцеллез – жыл сайын 500 000-нан астам адамда тіркелетін, үй жануарлары арасында кеңінен таралған және жиі анықталмайтын зооноздық инфекция. Brucella melitensis, B. abortus, B. suis және B. canis – аурудың негізгі қоздырғыштары, олар созылмалы және спецификалық емес белгілермен сипатталатын инфекцияларды тудырады. Brucella антигендері ауру патогенезінде және иммундық жауапта маңызды рөл атқарады. Алайда қазіргі диагностикалық тесттердің спецификалығы төмен және адамға арналған лицензияланған вакцина әлі жасалмаған. Бұл диагностика мен алдын алуға арналған антигендік негіздегі құралдарды жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Мақсат. Brucella spp. антигендерінің құрылымдық сипаттамалары, иммуногендік қасиеттері және қолданбалы әлеуетін бағалай отырып, олардың диагностикалық және вакциналық маңыздылығын талдау. Іздеу стратегиясы. Жүйелі шолу PRISMA нұсқауларына сәйкес жүргізілді. Әдебиеттерді іздеу PubMed, Scopus және Web of Science деректер базаларында 2018–2025 жылдар аралығында Brucella антигендері, диагностикасы және вакцина әзірлеуіне қатысты алдын ала анықталған кілт сөздер арқылы орындалды. Тақырыптар, аңдатпалар және толық мәтіндер бойынша көпсатылы іріктеуден кейін қорытынды талдауға 106 зерттеу енгізілді, бұл PRISMA диаграммасында көрсетілген. Нәтижелер. Omp16, Omp19, Omp25, Omp31 секілді сыртқы мембраналық белоктар, BP26, Cu/Zn-SOD, L7/L12 периплазмалық белоктары, Hsp60, Hsp70 жылулық шок белоктары және VirB секреция жүйесінің белоктары әртүрлі иммуногендік белсенділік көрсетті. L7/L12, Omp19 және SOD антигендері серологиялық сезімталдық пен қорғаныштық жауапты индукциялау бойынша ерекше әлеуетке ие. Бұл антигендер рекомбинантты субъединикалық вакциналар құрамында зерттелуде.
Қорытынды. Молекулалық деңгейде сипатталған Brucella антигендері адам бруцеллезін диагностикалау мен мақсатты, қауіпсіз вакциналарды құрастыру бағытында маңызды мүмкіндіктер береді. Олардың иммунологиялық маңыздылығы доклиникалық зерттеулер мен қолданбалы иммунодиагностикада одан әрі зерттеуді қажет етеді.
Әдебиеттер тізімі
Kossylganova A., Atakanova A., Mukhitdenova A., Bitanova E., Zhaparkulova K., Izekenova A. BRUCELLA spp. antigens impact in the pathogenesis and diagnosis of human brucellosis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 222-236. doi 10.34689/SH.2025.27.4.027
Косылганова А., Атаканова А., Мухитденова А., Битанова Э., Жапаркулова К., Изекенова А. Влияние антигенов Brucella spp. на патогенез и диагностику бруцеллёза у человека // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.222- 236. doi 10.34689/SH.2025.27.4.027
Қосылғанова А., Атаканова А., Мухитденова А., Битанова Э., Жапаркулова К., Изекенова А. Brucella spp. антигендерінің адам бруцеллезінің патогенезі мен диагностикасына әсері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 222-236. doi 10.34689/SH.2025.27.4.027
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.