SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЭКСТРАКОРПОРАЛЬДЫ МЕМБРАНАЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ КЕЗІНДЕГІ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ АСҚЫНУЛАР: МИ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖЕДЕЛ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘКЕЛЕТІН ТӘУЕКЕЛ ФАКТОРЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/wgv28441

Кілт сөздер:

экстракорпоральды мембраналық оксигенация, ми қан айналымының жедел бұзылуы, неврологиялық асқынулар, инсульттің тәуекел факторлары

Аңдатпа

Кіріспе. Қан айналым жүйесінің аурулары әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда да, өлім мен мүгедектіктің басты себебі болып қала береді. Экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) ауыр жүрек-өкпе жетіспеушілігін емдеуде құтқару әдісі ретінде қолданылады, бірақ оны қолдану осындай асқынулардың жоғары тәуекелімен байланысты, соның ішінде инсульт сияқты жедел неврологиялық бұзылулар. Зерттеудің мақсаты. Экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) алатын науқастарда ми қан айналымының жедел бұзылуларын (МҚАЖБ), соның ішінде ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің жиілігін анықтау, сондай-ақ Қазақстан клиникалық тәжірибесінде олардың дамуына әсер ететін негізгі тәуекел факторларын анықтау. Әдістері. 2015-2024 жылдар аралығында Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына жатқызылған 92 науқастың деректеріне ретроспективті талдау жүргізілді. Барлық науқастарға операция кезінде немесе операциядан кейін экстракорпоралды мембраналық оксигенация (ЭКМО) қолданылды. Науқастар ми қан айналымының жедел бұзылулары (МҚАЖБ) бар және жоқ топтарға жіктелінді. Жүргізілген талдау демографиялық көрсеткіштерді, қосалқы ауруларды, операцияның ерекшеліктерін және операциядан кейінгі кезеңнің параметрлерін қамтыды. Зерттеу деректері науқастардың медициналық құжаттарының ретроспективті талдауы негізінде алынды, оған ауру тарихтары және кардиоорталықтың электрондық деректер базасы кірді. Статистикалық талдау IBM™ SPSS 26.0 (IBM Corporation, Armonk, NY 2019) бағдарламасында жүргізілді. Нәтижесі. ЭКМО-ға қосылған науқастардың 31,5%-ында инсультті қоса алғанда, неврологиялық асқынулар анықталды. Негізгі тәуекел факторлары ретінде гипертония, темекі шегу және инсульттің анамнезде болуы анықталды. Сонымен қатар, әйелдер және сол жақ қарыншаның төмен фракциялық шығарымы бар науқастар тәуекелге бейім екені анықталды. Инсультпен ауыратын науқастардың орташа стационарда болу ұзақтығы 30,2 күн болды, бұл инсультсіз науқастарға қарағанда (25,6 күн) жоғары көрсеткіш болды. Қорытынды. Инсульт ЭКМО-ға қосылған науқастарда маңызды асқыну болып қала береді, бұл ерекше алдын алу шараларын әзірлеуді талап етеді. Гипертония, темекі шегу және инсульттің анамнезде болуы сияқты анықталған тәуекел факторлары клиникалық ұсынымдарды әзірлеу кезінде ескерілуі керек. Бұл зерттеу ЭКМО-ға қосылған науқастарда инсультті диагностикалау мен алдын алуды жақсарту үшін әрі қарай кең ауқымды зерттеулердің қажеттілігін атап өтеді.

Автор өмірбаяны

  • Диана Бейсимбаева

    Intern of Pavlodar Branch of NCJSC "Semey Medical University", Pavlodar, Kazakhstan/ Postal code: 140011 E-mail: beisimbayevad@gmail.com Phone: +7 707 678-54 92

Әдебиеттер тізімі

Antikeev D.A., Orazkhan A.A., Temirbulatova L.B., Beisimbayeva D.Zh., Abiltayev A.M., Tashtemirova O.G., Shukimbayeva A.M., Makhmutova A.M. Neurological complications in extracorporeal membrane oxygenation: risk factors for the development of acute cerebrovascular events // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 27-35. doi 10.34689/SH.2025.27.3.003

Антикеев Д.А., Оразхан Ә.А., Темирбулатова Л.Б., Бейсимбаева Д.Ж., Абильтаев А.М., Таштемирова О.Г., Шукимбаева А.М., Махмутова А.М. Неврологические осложнения при экстракорпоральной мембранной оксигенации: факторы риска развития острого нарушения мозгового кровообращения // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 27-35. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.003

Антикеев Д.А., Оразхан Ә.А., Темирбулатова Л.Б., Бейсимбаева Д.Ж., Абильтаев А.М., Таштемирова О.Г., Шукимбаева А.М., Махмутова А.М. Экстракорпоральды мембраналық оксигенация кезіндегі неврологиялық асқынулар: ми қан айналымының жедел бұзылуының дамуына әкелетін тәуекел факторлары // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 27-35. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.003

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-04

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 193

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.