ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕНДЕРДЕГI МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ХАЛҚЫНЫҢ ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНА СКРИНИНГТIК ТЕКСЕРУДЕН ӨТУIНЕ ӘСЕРIН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/2nnsej74Кілт сөздер:
жатыр мойны обыры скринингі, ынталылық, ауылдық денсаулық сақтау, медицина қызметкерлеріАңдатпа
Өзектілік. Дүние жүзінде жатыр мойны обыры (ЖМО) әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсер ететін қатерлі ісіктердің ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады. Белсенді скрининг инвазивті жатыр мойны обырының жиілігін айтарлықтай төмендетеді. Дегенмен, скринингтік бағдарламалар тиісті жас топтарындағы халықтың 70% немесе одан да көп бөлігі қатысқанда ғана тиімді болады. Бұл халықтың скринингтік тексеруден өтуінің қажетті деңгейін талап етеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш жатыр мойны обырының скринингі бойынша 48- 50% құрайды. Әдебиеттердің шолуларына сүйене отырып, халықты қамтуды және жатыр мойны обырын скринингтік тексеруді ұстануды арттырудың көптеген тиімді тәсілдері бар, мысалы, скринингті ұйымдастыруға денсаулық сақтау қызметкерлерін оқыту және ынталандыру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы скринингтік бағдарламаларының сәттілігі оларды жүргізуге қабілетті жеткілікті медициналық персоналдың болуына, сондай-ақ кейінгі диагностиканы, емдеуді және бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігіне тікелей байланысты екенін растайды. Демек, медицина қызметкерлерінің жұмысы әйелдердің жатыр мойны обыры скринингін ынталылығына және скринингтік бағдарламалардың тиімділігіне тікелей әсер етеді.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жатыр мойны обырының скринингтік бағдарламасын енгізу мәселелерін зерттеген көптеген жұмыстар бар, бірақ медицина қызметкерлерінің жұмысының қалалық және ауылдық әйелдердің жатыр мойны обырының скринингінен өтуіне ықпалы туралы мәселе жеткілікті зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты. Қалалық және ауылдағы әйелдердің жатыр мойны обырына скринингтік тексеруден өту ынталылығына медицина қызметкерлерінің жұмысының әсерін зерттеу. Материалдар мен әдістер. Зерттеуде кросс-секционалды әдіс қолданылды, қатысушылар саны Қазақстан Республикасының ауылдық және қалалық емханалық мекемелерінен 384 медицина қызметкері болды. Сауалнамаға қатысушылар денсаулық сақтау мекемесінің аумақтық орналасуына қарай (қала, ауыл) 2 негізгі топқа бөлінді. Дескриптивті талдау қолданылды. Топтар арасындағы салыстырулар Пирсонның Хи-квадрат критерийін қолдана отырып жүргізілді, байланыс күші Крамердің V критерийімен анықталды. Статистикалық маңыздылығын анықтау үшін α-қатенің сыни деңгейі 5% - ға тең қабылданды. Нәтижелер. Қатысушылардың еңбек өтілі: ауылдық медицина қызметкерлері арасында – 17,17 жыл, қалалықтар арасында – 14,3 жыл. Ауылдық медициналық мекемелерден келген респонденттердің пациенттерге ЖМҚО скринингінен өтуді ұсынбау ықтималдығы аз болды, орташа әсерлі қатынасы анықталды (V=0,2). Ауылдық мекемелерде науқастарды қабылдау уақытының шектелуі басты себеп болды (23,6%). Көбінесе қалалық медицина қызметкерлері: «Бұл менің міндетіме жатпайды, скринингке басқа бөлімше тартылған» (33,8%) деп жауап берді. Статистикалық маңызды айырмашылықтар болды (χ2=12,41, p<0,05). Қорытынды. Ауылдық медициналық ұйымдардың қызметкерлері скринингтік тексеруден өтуді ұсынбайды, бұл өз кезегінде ауыл әйелдерінің скринингке қатысты хабардарлығы мен ынтасының төмендігіне әсер етуі мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
Жетписбаева И.А., Касымбекова Ф.Д., Миреева А.Э., Нурсеитова Л.А., Кадырбаева Г.К., Сармулдаева Ш.К., Глушкова Н.Е. Сравнительный анализ влияния работы медицинского персонала городской и сельской местности на приверженность женского населения к скринингу рака шейки матки // Наука и Здравоохранение. 2024. 1(Т.26). С. 61- 70. doi 10.34689/SH.2024.26.1.008
Zhetpisbayeva I.A., Kasymbekova F.D., Mireeva A.E., Nurseitova L.A., Kadyrbaeva G.K., Sarmuldaeva Sh.K., Glushkova N.E. Comparative analysis of the impact of the work of medical personnel in urban and rural areas on the adherence of the female population to cervical cancer screening // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, (Vol.26) 1, pp. 61-70. doi 10.34689/SH.2024.26.1.008
Жетписбаева и. А., Касымбекова Ф. д., Миреева А. Э., Нурсеитова Л. А., Кадырбаева Г.К., Сармулдаева Ш.К., Глушкова Н.Е. Қалалық және ауылдық елдi мекендердегi медицина қызметкерлерiнiң жұмысының әйелдер халқының жатыр мойны обырына скринингтiк тексеруден өтуiне әсерiн салыстырмалы талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б.61-70. doi 10.34689/SH.2024.26.1.008
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.