АБАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ӨКПЕ ОБЫРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/gnhep428Кілт сөздер:
өкпе обыры, өмір сүру сапасы, қоғамдық денсаулық сақтау, медицинаАңдатпа
Кіріспе және мақсаты. Өкпе обыры бүкіл әлемде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің негізгі себебі.
Диагноздың кеш қойылуының салдарынан науқастардың өмірінің ұзақттығын 5 жылға арттыру деңгейі тек 15%-ты
құрайды. Аурудың асқынуы, оның белгілерінің ауырлығы және емдеуге байланысты теріс жанама әсерлер
науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетеді. Зерттеудің мақсаты – өкпе обырына душар болған
науқастардың өмір сүру сапасын бағалау.
Материалдар мен әдістер. 2024 жылдың мамыр айы мен қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Абай
облысында жүргізілген перспективалық зерттеуге өкпе обыры диагнозымен 123 науқас қатысты. Науқастардың өмір сүру
сапасы мен симптом ауырлығы Еуропалық онкологиялық зерттеулер және емдеу ұйымының өмір сүру сапасын бағалау
сауалнамасы (EORTC QLQ C-30) негізінде бағаланды (бағаның диапазоны 0–100).
Нәтижелер. Өмір сүру сапасы (орташа ұпай > 50) және функциялық көрсеткіштер (орташа ұпай > 50) орташа немесе
жақсы деңгейде болған. Ең жоғары орташа ұпай әлеуметтік қызмет бойынша 94 ± 11.3 ұпай, одан кейін физикалық
қызмет бойынша – 79.73 ± 13.3, когнитивті қызмет бойынша – 76.15 ± 19.5, эмоционалды – 74.08 ± 22.6 және рөлдік
қызмет – 67 ± 15.4 ұпай болды.
Қорытынды. Бұл зерттеу өкпе обыры бар науқастардың ауқымдырақ популяциясындағы өмір сүру сапасын
бағалауға мүмкіндік беретін көпорталықты зерттеулер жүргізудің қажеттілігін айқындайды және науқастардың өмір
сүру сапасы туралы есептер жаңа денсаулық сақтау стратегияларын әзірлеуде маңызды екенін көрсетеді. Осы
стратегиялар онкологиялық аурулары бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын емдеу,
реабилитация немесе паллиативті көмек салаларында арттыруға бағытталуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі
Adilgazyuly Sh., Bulegenov T., Mussakhanova A., Altybayeva Zh., Medeulova A., Tokenova Zh., Urazalina N.M. Assessment of the quality of life of patients with lung cancer in the Abay region // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 26-31. doi 10.34689/SH.2024.27.1.003
Әділғазыұлы Ш., Булегенов Т., Мусаханова А., Алтынбаева Ж., Медеулова А., Токенова Ж., Уразалина Н.М. Оценка качества жизни пациентов с раком легкого в Абайском регионе // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С. 26-31. doi 10.34689/SH.2024.27.1.003
Әділғазыұлы Ш., Булегенов Т., Мусаханова А., Алтынбаева Ж., Медеулова А., Токенова Ж., Уразалина Н.М. Абай өңіріндегі өкпе обыры бар науқастардың өмір сүру сапасын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 26-31. doi 10.34689/SH.2024.27.1.003
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.