SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

COVID-19 ДӘУІРІНДЕГІ ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ЖРВИ-ДІҢ АУЫР ФОРМАСЫНДА ЭНИСАМИЯ ЙОДИД ПРЕПАРАТЫНЫҢ ВИРУСҚА ҚАРСЫ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/1v8eea94

Кілт сөздер:

ЖРВИ, вирусқа қарсы ем, тұмау, энисамия йодиді

Аңдатпа

Өзектілігі. Қазақстанда жыл сайын ЖРВИ мен тұмаудың 600 мыңнан 1,2 млн-ға дейінгі жағдайы тіркеледі. Орта есеппен эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің ауыр және орташа ауыр ағымымен - 70-80 мың адамға дейін ауруханаға жатқызылып, оның 70% – 14 жасқа дейінгі балалар болса, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 30- 35% –ға дейін, жүкті әйелдер ЖРВИ-мен ауыратындар санының тиісінше 53-55% құрайды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялық ауруды (ЖРВИ) емдеу симптомдарды жеңілдетуге, аурудың ұзақтығын азайтуға және асқынулардың алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар мен тәсілдерді қамтиды. Осындай препараттардың біріҚазақстанда вирусқа қарсы әсер ететін, "Амизон" сауда атауымен тіркелген, Фармак (Украина) зауыты шығаратын энисамия йодиді. Материалдар мен әдістер. Зерттеу когорттық, клиникалық, интервенциялық емес, перспективалық болып табылады. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін этиотропты ем қабылдамаған науқастар тобымен салыстырғанда ересектердегі ЖРВИ ауыр түрлерінде энизамия йодидінің вирусқа қарсы препаратының тиімділігіне клиникалық сынақтар жүргізілді. Нәтижелер мен қорытындылар. Емдеу нәтижесінде 4-ші және 5-ші күндері дене температурасының қалыпқа келуінің үдеуі байқалды (тиісінше 96% және 98%). Салыстыру тобында 3-ші тәулікте дене температурасының қалыпқа келуінің жақсаруы науқастардың 60% -ында тіркелді. Негізгі және бақылау топтарын төсек күндері бойынша салыстырған кезде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды (p=0,049*). Стандартты терапиясы бар емделушілер Амизонды қосымша қабылдағандарға қарағанда ауруханада ұзақ болды. Амизонмен емдеу кезінде 50 жағдайдың 1-інде ғана препаратты қабылдаумен сәйкес келетін, препаратты қабылдауды тоқтатуды қажет етпейтін аздаған бас ауруы түріндегі жағымсыз құбылыс дамыды. Терапияның 3 және 4-ші күндерінде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды. Интоксикация симптомдарының регрессиясы (қызба, қалтырау, бас ауруы, дененің ауыруы) және катаральды көріністер бақылау тобына қарағанда әлдеқайда ертерек байқалды. Амизонды қолдану кезінде бактерияға қарсы препараттарды тағайындау қажеттілігі 10% құрады, бұл оның вирусқа қарсы және бактерияға қарсы әсерін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Гульжан Абуова

    MD, professor, Head of the Department of Infectious Diseases and Dermatovenerology, South Kazakhstan Medical Academy, ph.: 8 701 732- 8158, e-mail: dr.abuova@gmail.com, Shymkent, Kazakhstan;

  • Казыбек Хангельды

    Assistant of Department of Infectious Diseases and Dermatovenerology, South Kazakhstan Medical Academy, ph.: 87073274510, Shymkent, Kazakhstan;

  • Гулбану Шаймерденова

    M.D., assistant of Department of Infectious Diseases and Dermatovenerology, South Kazakhstan Medical Academy ph.: 7 7478470680, e-mail: gulbanu1008@mail.ru, Astana, Kazakhstan;

  • Багила Жораханова

    Assistant of Department of Infectious Diseases and Dermatovenerology, South Kazakhstan Medical Academy, Shymkent, Kazakhstan;

  • Дана Садыхова

    Assistant of Department of Infectious Diseases and Dermatovenerology, South Kazakhstan Medical Academy, Shymkent, Kazakhstan

Әдебиеттер тізімі

Abuova G.N., Khangeldy K.Zh., Shaimerdenova G.G., Zhorakhanova B.A., Sadykhova D.K. Efficacy of the antiviral drug enisamy iodide in severe adult acute respiratory infections in the COVID-19 era // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, (Vol.26) 1, pp. 125-131. doi 10.34689/SH.2024.26.1.016

Абуова Г.Н., Хангельды К.Ж., Шаймерденова Г.Г., Жораханова Б.А., Садыхова Д.К. Эффективность противовирусного препарата энисамия иодид при тяжелых формах ОРВИ у взрослых в эпоху COVID-19 // Наука и Здравоохранение. 2024. 1(Т.26). С. 125-131. doi 10.34689/SH.2024.26.1.016

Абуова Г.Н., Хангельды К.Ж., Шаймерденова Г.Г., Жораханова Б.А., Садыхова Д.К. COVID-19 дәуіріндегі ересектердегі ЖРВИ-дің ауыр формасында энисамия йодид препаратының вирусқа қарсы тиімділігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 125-131. doi 10.34689/SH.2024.26.1.016

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-17

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 175

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.