БІРІНШІЛІК БИЛИАРЛЫ ХОЛАНГИТІ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ МЕН ОНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/8x330v92Кілт сөздер:
біріншілік билиарлы холангит, бауырдың созылмалы ауруы, өмір сапасы, тері қышуы, әлсіздікАңдатпа
Кіріспе. Біріншілік билиарлы холангит (ББХ)– бауырдың аутоиммунды ауруы, ол ерте мүгедектікке және ерте өлімге алып келеді. Аурудың әлсіздік (науқастардың 80 %-де), тері қышуы, есте сақтау мен ұйқының бұзылуы, депрессия және вегетативті дисфункция сияқты клиникалық көріністері науқастардың өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді және тек негізгі үрдісті емдеу арқылы жойылмайды. Өмір сапасын анықтаудың сипаты субъективті және көпқырлы болғандықтан аталған белгілердің өмір сапасына әсерін бағалауды сандық деңгейде көрсету қиын болып табылады, сондықтан біріншілік билиарлы холангиті бар науқастардың өмір сапасын сандық бағалау үшін көптеген алуан түрлі сауалнамалар мен шкалалалар әзірленген. ББХ-ті бар науқастардың өмір сапасы бағалаудың нақты құралын таңдау дәрігерлік тәжірибеде де және зерттеушілерге де күрделі, әрі өте маңызды міндеті болып табылады. Мақсаты – біріншілік билиарлы холангиті бар науқастардың өмір сапасын бағалаудың түрлі әдістеріне шолу жасау, неғұрлым жиі қолданылатын сауалнамалар мен шкалаларға сипаттама беру. Іздеу стратегиясы Scopus, Web of Science Core Collection, PubMed, MedLine және т.б. сияқты халықаралық мәлімет базасы мен ресурстарындағы зерттеулер мен публикацияларды қамтиды. Бастапқы 178 жұмыстың ішінен соңғы 5-10 жыл ішінде жарық көрген 51 ғылыми жұмыс іріктелініпп алынды. Нәтижелері мен талқылаулары. Бұл ғылыми жұмыс өмір сапасын бағалаудың қазіргі таңда бар әдістерін жіктейді, сонымен қатар көптеген сауалнамалар мен шкалалардың ішінен дәрігер аурудың әрбір сценарийіне сәйкес келетін құралды таңдап алуына мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
Булгунова А.М., Адайбаев К.Т., Сайпиева Д.Т., Туганбеков Т.У., Аскаров М.Б., Омарбеков А.Ж. Качество жизни и методы его оценки при первичном билиарном холангите // Наука и Здравоохранение. 2024. 1(Т.26). С. 191-200. doi 10.34689/SH.2024.26.1.023
Bulgunova A., Adaibaev K., Saipiyeva D., Tuganbekov T., Askarov M., Omarbekov A..Quality of life in primary biliary cholangitis and its assessment // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, (Vol.26) 1, pp. 191-200. doi 10.34689/SH.2024.26.1.023
Булгунова А.М., Адайбаев К.Т., Сайпиева Д.Т., Туганбеков Т.У., Аскаров М.Б., Омарбеков А.Ж. Біріншілік билиарлы холангиті бар науқастардың өмір сапасы мен оны бағалаудың әдістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б. 191-200. doi 10.34689/SH.2024.26.1.023
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.