SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕС СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕККӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕННАУҚАСТАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНШАШАРАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/8026kz81

Кілт сөздер:

нормативтік құжаттар, инфекциялық бақылау, стоматологиядағы инфекциялық қауіпсіздік, мониторинг, стоматологиялық клиникалар

Аңдатпа

Кіріспе: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаңа
мыңжылдықтың басында денсаулық сақтаудың инфекциялық қауіпсіздігі мәселесі әлемнің барлық елдерінде
олардың даму деңгейіне қарамастан жаһандық ауқымға ие болды. Медициналық көмек көрсетуге байланысты
инфекциялармен (МККБИ) күресу мәселесі әлемнің барлық елдерінде өзекті, өйткені МККБИ-ның артуы өлімжітімнің, ауру-сырқаудың және емдеу шығындарының артуына, сондай-ақ науқастар мен медициналық
қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіреді. Медициналық сарапшылардың пікірінше, мұқият инфекциялық бақылау, оның ішінде қорғаныс шаралары мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану сияқты әмбебап сақтық
шаралары, АИТВ, қан арқылы жұғатын және басқа инфекциялардың таралуын болдырмау үшін, емделушілерді
және медицина қызметкерлерін медициналық және стоматологиялық ұйымдарда инфекцияның ықтимал берілуінен
қорғайды. Инфекциялардың таралу қауіпінің жоғары болуы стоматологиядағы күрделі мәселе болып табылады,
өйткені стоматологиялық көмек халық арасында ең көп таралған медициналық қызмет болып табылады, сонымен
бірге АИТВ-инфекциясына, В және С гепатиттеріне қатысты жағдай шиеленісуін жалғастыруда.
Зерттеудің мақсаты: Нормативтік құжаттарға сәйкес стоматологиялық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті
сақтау шараларын зерделеу және бағалау.
Материалдар мен әдістер: Медициналық процедуралардың қауіпсіз жүргізілуін бақылау үшін біз Шығыс
Қазақстан облысы және Абай облысының стоматологиялық мекемелерінде (Өскемен, Семей, Зайсан, Аягөз,
Күршім, Семей әскери госпиталь), халық арасында В және С гепатиті, COVID-19 және АИТВ-инфекциялық
аурулардың жиілігін төмендету мақсатында мониторингтік зерттеулер жүргіздік. Зерттеу Шығыс Қазақстан облысы
мен Абай ауданындағы 11 стоматологиялық мекеме базасында 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында
жүргізілді. Бағалау парағын пайдалану арқылы стоматологиялық денсаулық сақтау ұйымдарындағы инфекциялық
бақылаудың қолданыстағы тәжірибесін тікелей бақылау арқылы бағалау және мониторинг жүргізілді.
Нәтижелер: Инфекциялық бақылау мен қауіпсіздікті, санитарлық-гигиеналық талаптарды, медициналық
емшаралардың қауіпсіздігін, дезинфекциялау және зарарсыздандыру кезеңдерін, медициналық қалдықтармен
жұмыс істеуді сақтамау, бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдармен және жеке қорғаныс
құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, қан арқылы жұғатын инфекцияның таралу қауіпін тудырады.
Барлық стоматологиялық ұйымдар халыққа медициналық стоматологиялық көмек көрсетумен байланысты
инфекциялардың алдын алу бойынша негізгі талаптар мен шараларды білудің және жүзеге асырудың
маңыздылығын түсінбейді.
Қорытынды: Зерттеу стоматологиялық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті бақылау шараларын күшейту
қажеттігін дәлелдейді. Стоматологиялық мекемелерде инфекцияны бақылау критерийлеріне сәйкестіктің орташа
пайызы 50%-дан аз болды.

Автор өмірбаяны

  • Жанна Төлегенова

    Doctoral graduate in the specialty "Public Health" NJSC "Semey Medical University"
    Semey, Republic of Kazakhstan.
    Postal code: Republic of Kazakhstan, 071400, Semey, st. Abaya 103.
    E-mail: zhanna.tolegenova@smu.edu.kz
    Mobile number: +7 775 466 74 14

Әдебиеттер тізімі

Tolegenova Zh.Zh., Tokanova Sh.E., Baibussinova A.Zh., Zhumanbayeva Zh.М., Kalikhanova K.Е., Tokanova D.M., Sailaugalieva S.S. Study and evaluation of measures on infectious safety of medical personnel and patients when providing dental care in accordance with regulatory documents // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 113-121. doi 10.34689/SH.2023.25.6.013

Төлегенова Ж.Ж., Токанова Ш.Е., Байбусинова А.Ж., Жуманбаева Ж.М., Калиханова К.Е., Токанова Д.М., Сайлаугалиева С.С. Изучение и оценка мероприятий по инфекционной безопасности медицинского персонала и пациентов при оказании стоматологической помощи в соответствие с нормативными документами // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 113-121. doi 10.34689/SH.2023.25.6.013

Төлегенова Ж.Ж., Токанова Ш.Е., Байбусинова А.Ж., Жуманбаева Ж.М., Калиханова К.Е., Токанова Д.М., Сайлаугалиева С.С. Нормативтік құжаттарға сәйкес стоматологиялық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлер мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі бойынша шараларды зерделеу және бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.113-121. doi 10.34689/SH.2023.25.6.013

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕС СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕККӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕННАУҚАСТАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНШАШАРАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. (2025). Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение», 25(6), 113-121. https://doi.org/10.34689/8026kz81

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 133

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.