СҚАЗАН ЫРЫҒЫНА НЕОАДЮВАНТТЫ ХИМИТЕРАПИЯДАНКЕЙІН ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ІСІКТЕРДІҢ РЕГРЕССІНІҢДАМУ ПЕРЕКШІЛЕРІ: ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/3dyq5691Кілт сөздер:
iсіктің патоморфологиялық регрессиясы, aсқазан қатерлі ісігі, неоадъювантты химиотерапияАңдатпа
Кіріспе: Асқазан қатерлі ісігі дүниежүзі бойынша онкологиялық өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып
саналады. FLOT сызбасы бойынша жүргізілетін периоперациялық неоадъювантты полихимиотерапия (НАХТ) ұзақ
мерзімді нәтижелерді жақсартатыны дәлелденгенімен, ісіктің патоморфологиялық регрессия дәрежесінің (tumor
regression grade, TRG) болжау маңыздылығы мен оның клиникалық-патологиялық көрсеткіштермен байланысы әлі
толық зерттелмеген.
Зерттеу мақсаты: FLOT сызбасы бойынша НАХТ алған, жергілікті таралған асқазан аденокарциномасы бар
науқастарда Mandard жүйесімен бағаланған TRG мен клиникалық-патологиялық сипаттамалардың, жалпы өмір
сүру ұзақтығы (ӨСҰ) мен рецидивсіз өмір сүру ұзақтығының (РӨСҰ) арасындағы байланысты зерттеу.
Original article Science & Healthcare, 2025 Vol. 27 (4)
23
Материалдар мен әдістер: 2020–2024 жылдар аралығында FLOT схемасы бойынша НАХТ және хирургиялық
ем алған II–III кезеңдегі асқазан аденокарциномасы бар 74 науқастың қатысуымен бір орталықта ретроспективті
когорттық зерттеу жүргізілді және TRG Mandard жүйесі бойынша бағаланды. Корреляциялық талдау Спирмен
коэффициентімен, ал өмір сүру көрсеткіштері Каплан–Майер әдісі мен log-rank тестімен және бірфакторлы Кокс
регрессиясымен есептелді. Статистикалық маңыздылық деңгейі – p<0,05.
Нәтижелер: TRG 70 резекцияланған препаратта анықталды: TRG1 — 9 (12,9%), TRG2 — 2 (2,9%), TRG3 — 23
(32,9%), TRG4 — 10 (14,3%), TRG5 — 26 (37,1%). Клиникалық маңызы бар регрессия (TRG1–2) 16% науқаста байқалды.
TRG ypT (ρ=0,51; p<0,001), ypN (ρ=0,36; p=0,0037) және метастаздалған лимфа түйіндерінің саны (ρ=0,36; p=0,0025)
сияқты көрсеткіштермен сенімді байланыс көрсетті. Сақинажасушалы асқазан қатерлі ісігінің жоғары дәрежелену
(ρ=0,308; p=0,008) және ypT (ρ=0,324; p=0,007) көрсеткішімен байланысты болды, бірақ TRG-мен байланысты болмады.
Бірфакторлы талдауда ypN (ρ=–0,24; p=0,048) және метастаздалған лимфа түйіндерінің саны (ρ=–0,28; p=0,021) жалпы
өмір сүруге маңызды әсер етті. ӨСҰ және РӨСҰ медианаларына қол жеткен жоқ. Каплан–Майер әдісі бойынша жақсы
жауап берген науқастарда (TRG1–2) өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай жоғары болды (log-rank χ²=7,9; p=0,005 және
χ²=10,86; p=0,001).
Қорытындылар: FLOT схемасы бойынша НАХТ-тан кейінгі айқын патоморфологиялық жауап өмір сүру
болжамының жақсаруымен байланысты, алайда негізгі болжаушы фактор ретінде қалдық лимфогенді метастаз
(ypN және зақымданған лимфа түйіндерінің саны) қала береді. TRG көрсеткішін лимфа түйіндерінің жағдайын
ескере отырып бағалаған жөн. TRG-ның тәуелсіз болжау мәнін растау үшін морфологиялық үйлестірілген бағалау
және көпорталықты проспективті зерттеулер қажет.
Әдебиеттер тізімі
Болсынбекова С.О., Тулеубаева А.А., Ганиева Е.Д., Урезкова М.М., Гоголев А.Б., Пак Л.А. Асқазан ырығына неоадювантты химитерапиядан кейін патоморфологиялық ісіктердің регрессінің даму перекшілері: ұлттық зерттеу онкология орталығының тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 21-28. doi 10.34689/SH.2025.27.4.003
Болсынбекова С.О., Тулеубаева А.А., Ганиева Е.Д., Урезкова М.М., Гоголев А.Б., Пак Л.А. Закономерности развития патоморфологического регресса опухоли после проведения неоадъювантной химиотерапии при раке желудка: опыт Национального Научного Онкологического Центра // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.21-28.doi 10.34689/SH.2025.27.4.003
Bolsynbekova S.O., Tuleubayeva A., Ganieva E.D., Urezkova M.M., Gogolev A.B., Pak L.A. Patterns of development of pathomorphological tumor regress after neoadjuvant chemotherapy for gastric cancer: experience of the national research oncology center // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 21-28. doi 10.34689/SH.2025.27.4.003
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.