КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ: COVID-19- АССОЦИРЛЕНГЕН СТРЕПТОКОККТАН КЕЙІНГІ АРТРИТ
DOI:
https://doi.org/10.34689/16xtmg38Кілт сөздер:
COVID-19, стрептококктан кейінгі артрит, аутоиммунды ауруларАңдатпа
Кіріспе: COVID-19-бен ассоцирленген стрептококктан кейінгі артрит, COVID-19 инфекциясы аясында стрептококк инфекциясының асқынуына алып келген, сирек кездесетін буындардың қабынулық ауруы. Осы клиникалық жағдай COVID-19 аутоиммунды аурулардың ізашарлығының бір мысалы. Пандемиядан кейінгі соңғы жылдар инфекциялардың, сондай-ақ COVID-19-мен байланысты аутоиммунды аурулардың өсуі байқалды, бұл өз кезегінде COVID-19-дың ұзақ мерзімді салдарларын зерттеу мен бақылаудың өзектілігін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты: COVID-19 инфекциясы аясында аутоиммунды аурулардың даму қауіптілігіне ревматологтардың, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, инфекционистердің назарын аудары, сондай-ақ COVID-19 нәтижесінде қалыптасатын ұзақ мерзімді асқынулар және аутоиммунды бұзылыстрады азайту мақсатында, COVID19-дың ерте диагностикасына, профилактикасына, кешенді еміне аса жоғары мән беру қажет. Материалдар мен әдістер: Осы патологияны диагностикалау үшін науқастың анамнездік және клиникалықзертханалық деректері жиналды. Сондай-ақ, соңғы 5-жылдық әлемдік COVID-19 аутоиммунды аурулардың ізашары және аутоиммунды патологияның дамуына әкелуі мүмкін әртүрлі жұқпалы аурулардың асқынуларының болжаушысы рөлін қарастырылған соңғы 5-жылдағы әлемдік басылымдарға шолу жасалды. Нәтижелер: Анамнезді, клиникалық-зертханалық және аспаптық деректерді бағалау негізінде COVID-19-бен аасоцирленген стрептококктан кейінгі артрит диагнозы қойылды. Зерттеулер нәтижелері COVID-19 инфекциясымен байланысты қабыну процесінің (стрептококктық) болуын растады, бұл бастан өткерген инфекция мен аутоиммундық бұзылыстың дамуы арасындағы ықтимал байланысты көрсетеді. Қорытындылар: COVID-19 Т-лимфоциттер деңгейінің төмендеуіне, жасушалық иммунитеттің тежелуіне және басқа инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауына алып келетін «цитокиндік дауылды» тудырады. Осы клиникалық жағдайда COVID-19 және иммундық белсенділіктің төмендеуі аясында науқаста стрептококктан кейінгі артрит дамыды. Бұл жағдай жұқпалы аурулардың бірінішілік және екіншілік профилактикасының маңыздылығын, сонымен қатар COVID-19-ды басынан өткерген науқастардың иммундық жағдайын бақылау арқылы аутоиммунды асқынулардың уақытылы анықталуы мен емінің қажеттілігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Nogayeva M.G., Atasheva A.A., Omargali K.S. Nurgaliyeva B.K. Clinical case: poststreptococcal arthritis associated with COVID-19 // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 267-273. doi 10.34689/SH.2025.27.1.029
Ногаева М.Г., Аташева А.А., Омарғали Қ.С., Нургалиева Б.К. Клинический случай: постстрептококковый артрит ассоциированный с COVID-19 // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (1). С. 267-273. doi 10.34689/SH.2025.27.1.029
Ногаева М.Г., Аташева А.А., Омарғали Қ.С., Нургалиева Б.К. Клиникалық жағдай: COVID-19- ассоцирленген стрептококктан кейінгі артрит // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Т.27 (1). Б. 267-273. doi 10.34689/SH.2025.27.1.029
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.