САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/3z34b344Кілт сөздер:
саркоидоз, туберкулез, гранулема, морфометрия, морфологияАңдатпа
Өзектілігі. Өкпе саркоидозы мен туберкулезі тіндерде жасушалық инфильтрат — гранулема пайда болуымен
сипатталатын, этиологиясы әр түрлі 70 тен аса ауруларды біріктіретін гранулематозды аурулардың гетерогенді
тобына жатады. Гранулематозды қабынуды клинико-морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты спецификалық
және бейспецификалық деп бөледі. Бір нозологиялық түрдің аясында, мысалы саркоидоз кезінде, клиникалық
симптомдардың айқындылығы, үрдістің жайылуы, зертханалық, онымен бірге иммунологиялық көрсеткіштердің
өзгеруі әртүрлі болуы мүмуін, бұл олардың гетерогенділігін растайды. Қазіргі уақытта саркоидоздың әртүрлі
клиникалық ағымының түрлері мен кезеңдеріне сай келетін морфологиялық белгілер әлі күнге дейін бекітілмеген.
Зерттеудің мақсаты: Саркоидоз бен туберкулез кезіндегі өкпедегі гранулематозды қабынулық үдеріске
салыстырмалы клиника - морфометриялық бағалауды игеру.
Материалдар мен әдістері: 2019-2024жж. аралығында верификация критерийлерін анықтау мақсатында осы
аурулар кезінде өкпе тінінің клиникалық-морфологиялық және морфометриялық көрінісін зерттеу үшін "Leica DM
1000" кешенді компьютерлендірілген аппаратын қолдана отырып, саркоидоз (27) және өкпе туберкулезінің
шашыранды түрі (62) бар науқастардың 89 мұрағаттық материалдарына ретроспективті талдау жүргізілді.
Нәтижелер: Мұрағаттық материалды зерттеу кезінде клиникалық-морфологиялық (саркоидоз кезінде - бронх
тамыр шоғыры бойымен гранулемалардың пайда болуы, васкулиттердің болуы, кальцифицирленген пластинкалы
Шауман денешіктерінің болуы және т.б.) анықталды., туберкулез кезінде - казеозды некроз және гранулема
құрылымының аймақтылығы), морфометриялық (саркоидоз кезінде-плазмалық жасушалар, лимфоциттер санының
көбеюі, гранулоциттер мен эпителиоидты жасушалар саны азаяды, строманың құрылымдық элементтерінің саны
және интерстициальды тіндердің жойылуы артады, қан тамырларының саны артады, туберкулез кезінде - санының
артуы гранулоциттер және эпителиоидты жасушалар, сәйкесінше алып көп ядролы жасушалар, казеозды
некроздың болуы) олардың болуы осы ауруларды сенімді түрде ажыратуға мүмкіндік береді.
Қорытынды: Патоморфологиялық қорытындыны негіздей отырып, клиникалық диагнозды морфологиялық
верификациялау, анықталған клиникалық-зертханалық деректерді, аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін
ескере отырып, науқастарды тиімді емдеу.
Әдебиеттер тізімі
Ныгызбаева Р.Ж., Светкина М.А., Стабаева Л.М., Тусупбекова М.М., Иманбаева Г.Н., Абиева С.С. Саркоидоз және өкпе туберкулезі кезіндегі гранулематозды қабынуды клиника-морфологиялық және морфометриялық бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 72-80. doi 10.34689/SH.2024.26.6.009
Nygyzbayeva R.Zh., Svetkina M.A., Stabayeva L.M., Tussupbekova M.M., Imanbayeva G.N., Abieva S.S., Abramova G.D. Clinical, morphological and morphometric assessment of granulomatous inflammation in sarcoidosis and pulmonary tuberculosis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 72-80. doi 10.34689/SH.2024.26.6.009
Ныгызбаева Р.Ж., Светкина М.А., Стабаева Л.М., Тусупбекова М.М., Иманбаева Г.Н., Абиева С.С. Клиникоморфологическая и морфометрическая оценка гранулематозного воспаления при саркоидозе и туберкулезе легких // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 72-80. doi 10.34689/SH.2024.26.6.009
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.