ҚАЗАҚСТАНДА ИНФЕКЦИОНДЫ ЭНДОКАРДИТТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ: КАРДИОЛОГТАР АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/p1zp4557Кілт сөздер:
Инфекциялық эндокардит, кардиологтар, жүрек хирургтары, антибиотиктік профилактикаАңдатпа
Кіріспе. Инфекциялық эндокардиттің (ИЭ) профилактикасы - аурулардың және өлім-жітімнің деңгейін төмендетудің маңызды аспектісі болып табылады. Соңғы 30 жылда дүниежүзілік аурулар жүктемесі бойынша жүргізілген зерттеулер ИЭ-нің жиілігінің айтарлықтай өскенін көрсетті. Алайда кейбір елдер ИЭ деңгейін төмендетуді қамтамасыз ете алды, бұл кардиология қызметінің ИЭ-нің алдын алуын және әр түрлі елдерде қабылданған нұсқаулықтарға жүгінуінің тиімділігін зерделеуге сұрақ туындатады. Бұл зерттеудің мақсаты - ИЭ-нің алдын алу үшін кардиология қызметінің жұмысын оңтайландыру бойынша қажетті бастамаларды анықтау. Материалдар мен әдістер. Кардиологтарды зерттейтін көлденең зерттеу жүргізілді. Сауалнама Лайкерт шкаласы негізінде құрылды. Статистикалық анализ ANOVA мен Фишер әдістерін пайдалана SPSS бағдарламалық жасақтамасы (26.0 нұсқасы) жүргізілді. Нәтижелер. Сауалнамаға 60 кардиолог қатысты. Деректерге сәйкес, қатысушылардың жартысынан көбі (85%) жұмыс істейтін мекемелерінде «Эндокардит бойынша команда» жоқ екенін атап өтті. Респонденттердің айтарлықтай көпшілігі (96,7%) дисциплинарлық кеңес құрудың қажеттілігін баса айтты. Сонымен қатар, қатысушылардың 98,3%-ы ИЭ-нің алдын алу бойынша ұлттық нұсқаулықтар әзірлеудің маңыздылығын мойындады. Қорытындылар. Бұл зерттеудің нәтижелері кардиологиялық қызметтердің жұмысын, ерекше назар аудара отырып, ИЕ профилактикасын тиімді түрде оңтайландыру қажеттілігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Kussainova Zh., Bulegenov T., Zhapar Zh., Abralina Sh., Abiltayev A., Tashtemirova O., Abilmazhinova G. Organization of preventive measures for infective endocarditis in Kazakhstan: a cross-sectional study among cardiologists // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (5), pp. 72-78. doi 10.34689/SH.2024.26.5.009
Кұсаинова Ж., Булегенов Т., Жапар Ж., Абралина Ш., Абильтаев А., Таштемирова О., Абильмажинова Г. Организация профилактических мер при инфекционном эндокардите в Казахстане: поперечное исследование среди кардиологов // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (5). С. 72-78. doi 10.34689/SH.2024.26.5.009
Қусаинова Ж., Булегенов Т., Жапар Ж., Абралина Ш., Абильтаев А., Таштемирова О., Абильмажинова Г. Қазақстанда инфекционды эндокардиттің алдын-алу жүйесін ұйымдастыру: кардиологтар арасында жүргізілген көлденең зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 72-78. doi 10.34689/SH.2024.26.5.009
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.