SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/f2ebys51

Кілт сөздер:

остеопороз, сүйектің минеральды тығыздығы, рентгендік остеоденситометрия, дене салмағының индексі

Аңдатпа

Кіріспе. Остеопороз (ОП) – бұл менопаузадан кейінгі әйелдерге әсер ететін және менопаузаға байланысты 
эстроген тапшылығы мен жасының ұлғаюынан туындаған микроархитектуралық бұзылулар мен сүйек минералды 
тығыздығының төмендеуін (BMD) қамтитын қаңқа метаболизмінің ең көп таралған бұзылуы.Остеопороз және 
артық дене салмағы сүйек жүйесімен зат алмасудың екі негізгі аспектісі болып табылады. Дене салмағы мен 
сүйектің минеральды тығыздығы арасында бұлшықет және май бөліктері тәрізді дененің әртүрлі компоненттеріне 
әсер етуі арқылы көрініс беретін тығыз байланыс бар.  
Зерттеу мақсаты: орта жастағы және егде жастағы адамдарда сүйектің минералды тығыздығы мен дене 
салмағының индексі арасындағы байланысты зерттеу.  
Әдістері.Зерттеу 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың наурызына дейін екі кезеңде жүргізілді. Зерттеуге 
қатысушылар Абай өңірінің облыстық орталығы, Семей қаласындағы "Семей медицина университеті" КеАҚ 
университеттік госпиталінде қабылданды. Зерттеудің бірінші кезеңіне арналған негізгі ақпарат пен сауалнамалар 
408 респонденттен жиналды. Екінші кезеңде зерттеуге қатысушылардың  сүйектің минеральды тығыздығы DXA 
көмегімен өлшенді. Қалыпты және төмен BMD топтары құрылды.. 
Нәтижелер.Қалыпты СМТтобындағыорташажас 55.9±7.61 және СМТтөмен тобында 58.8±7.6 жасты құрады. 
Екі топ арасындағы деректерді талдау ДСИ статикалық маңыздылығын көрсетті (р<0.001) және жеңіл 
жарақаттармен құлаулардан кейінгі сынықтар (р=0.003). ДСИ мен СМТарасындағыбайланысты анықтау үшін біз 
сүйектің сақталуына байланысты бірқатар көрсеткіштерд іанықтайтын регрессиялық талдау жүргіздік: жасы (AOR 
1.04; 95% CI 1.01-ден 1.07-гедейін; р<0.006), дене салмағының индексі (AOR 0.90; 95% CI 0.86-дан 0.94-кедейін; 
р<0.000), сынутарихы (AOR 1.67; 95% CI 1.05 - тен 2.66-ғадейін; р<0.030). 
Қорытынды. Біздің зерттеуіміз егде жастағы адамдарда сүйектің минеральды тығыздығын төмендету 
мәселесін шешу дене салмағының индексін бақылауға бағытталуы керек екенін көрсетті, бұл диета, жеткілікті 
физикалық белсенділік кезінде мүмкін. Бұл іс-шаралар орта жаста және науқастардың жынысына қарамастан 
басталуы керек. 

Автор өмірбаяндары

  • Нургуль Культуманова

    Assistant of the Department of radiology of NCJSC “SMU” nurgul.kultumanova@smu.edu.kz; 8707417253

  • Кайрат Альмисаев

     Master of Medicine of the Department of radiology of NCJSC “SMU” kayrat.almissayev@smu.edu.kz;
    87478319010 

  • Арай Муканова

    Assistant of the Department of radiology of NCJSC “SMU” mukanova.arai@mail.ru; 87773678898

  • Данияр Раисов

    ass. Professor of the Department of radiology of NCJSC “SMU” draisov@mail.ru; 87773668475

  • Гульжан Берсимбекова

    докторант 1-го года обучения по специальности «Медицина» НАО 
    «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. 

  • Гульнур Канапиянова

    PhD Candidate, NCJSC “Semey Medical University.” Phone: +7 775 177 9375
    ORCID: 0000-0002-8102-5220

Әдебиеттер тізімі

Maдиева M., Культуманова Н., Альмисаев К., Муканова А., Раисов Д., Берсимбекова Г., Канапиянова Г. Взаимосвязь между индексом массы тела и минеральной плотностью кости у населения среднего и пожилого возраста // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 88-93. doi 10.34689/SH.2024.26.6.011

Madiyeva M., Kultumanova N., Almisaev K., Mukanova A., Raissov D., Bersimbekova G., Kanapiyanova G. The relationship between body mass index and bone mineral density in the middle-aged and elderly population // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 88-93. doi 10.34689/SH.2024.26.6.011

Maдиева M., Культуманова Н., Альмисаев К., Муканова А., Раисов Д., Берсимбекова Г., Канапиянова Г. Орта жастағы және егде жастағы адамдардағы дене салмағы индексімен сүйектің минералды тығыздығы арасындағы байланыс // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 88-93. doi 10.34689/SH.2024.26.6.011

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-07

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 32

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.