SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАҒЫ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ВАСКУЛИТ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/gbnr9v80

Кілт сөздер:

геморрагиялық васкулит, Шенлейн–Генох пурпурасы, васкулит, егде жастағы науқас, глюкокортикостероидтық терапия

Аңдатпа

Кіріспе. Геморрагиялық васкулит (ГВ), немесе Шенлейн-Генох пурпурасы - ұсақ қантамырлардың, көбінесе IgAмен байланысты жүйелі васкулиті болып табылады. Бұл ауру балаларда жиі кездескенімен, егде жастағы адамдарда сирек дамиды және әдетте ауыр, баяу (торпидті) ағыммен сипатталады. Қарт науқастарда аурудың ағымы жиі висцералды асқынулармен, атап айтқанда абдоминалдық және бүйректік синдромдармен қатар жүреді, бұл аурудың ағымын едәуір нашарлатып, диагностикалық және терапиялық тәсілдерге ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мақалада егде жастағы науқаста дамыған геморрагиялық васкулиттің клиникалық жағдайы сипатталады. Аурудың манифестациясы классикалық үштік симптомдармен байқалды: терідегі пурпура, абдоминалдық ауырсыну және бүйрек зақымдануы. Мақсаты. 86 жастағы, айқын коморбидтілікті иеленген науқастағы терілік, абдоминалдық және бүйректік синдромдарының үйлесуімен жүретін геморрагиялық васкулиттің клиникалық жағдайын сипаттау. Материалдар мен әдістер. Мақалада Алматы қаласындағы «Қалалық ревматология орталығының» ревматология бөлімшесіне түскен В. есімді, 86 жастағы науқастың клиникалық жағдайы ұсынылады. Науқас аяққолдарындағы геморрагиялық бөртпелерге, айқын әлсіздікке, абдоминалдық ауырсынуға, жүрек айнуы мен құсуға, сондай-ақ олигурияға шағымданған. Диагностика шеңберінде жалпы және биохимиялық қан талдаулары, зәр талдаулары (оның ішінде Нечипоренко әдісімен), коагулограмма, иммунологиялық зерттеулер, құрсақ қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі, ЭКГ және ЭхоКГ жүргізілді. Диагноз науқастың шағымдары, клиникалық белгілері мен зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелері негізінде, ересектерге арналған EULAR (2010) классификациялық критерийлеріне сүйене отырып қойылды. Нәтижелер. Науқас геморрагиялық терілік синдромға (басқанда жоғалмайтын, симметриялы, көгілдір-қызғылт түсті бөртпелер), абдоминалдық симптомдарға (жүрек айну, құсу, кіндік маңындағы ауырсыну), сондай-ақ бүйрек қызметінің бұзылу белгілеріне (олигоурия эпизоды, лейкоцитурия, креатинин мен мочевинаның жоғары деңгейі) тән шағымдармен түсті. Глюкокортикостероидтық, иммуносупрессивті, инфузиялық және симптоматикалық терапия аясында тері көріністері мен абдоминалдық және бүйрек синдромдарының азаюы, зертханалық көрсеткіштердің жақсаруы және жалпы жағдайдың тұрақтануы байқалды. Алайда аурудың ағымы баяу (торпидті) сипатта болып, тері элементтерінің ұзақ жазылуы, дәрілік емдеу режиміне жоғары сезімталдық, тұрақты кардиологиялық және гастроэнтерологиялық бақылауды қажет етті. Қорытынды. Геморрагиялық васкулиттің ерте диагностикасы, ағзалық зақымдану деңгейін уақтылы бағалау, глюкокортикостероидтық және иммуносупрессивті емді дұрыс тағайындау мен асқынуларды жүйелі бақылау оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Айдана Бакытова

    1st-year resident of the Department of Rheumatology, Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarova, Almaty, e -mail: bakytova10@mail.ru, mobile: +7 707 917 32 65. https://orcid.org/0009-0004-3515-7849

  • Роза Утепова

    1st-year resident of the Department of Rheumatology, Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarova, Almaty, e-mail: roseutepova@gmail.com, mobile: +7 747 586 49 73. https://orcid.org/0009-0007-6455-0799

  • Сымбат Дайрабай

    1st-year resident of the Department of Rheumatology, Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarova, Almaty, e-mail: dayrabaisymbat99@gmail.com, mobile: +7 747 964 61 51. https://orcid.org/0009-0001-2426-0822

  • Марал Ногаева

    Candidate of medical sciences, associate professor with an academic title of the Department of Rheumatology, Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov, e-mail: nogaeva.m@kaznmu.kz, Almaty, mobile: +7 708 800 52 65. https://orcid.org/0000-0003-1182-5967

  • Айгул Медеулова

    Head of the Department of Otorhinolaryngology, Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov, e-mail: medeulova@bk.ru, Almaty, mobile: +7 701 421 77 65. https://orcid.org/0000-0001-6941-4525

  • Баян Нургалиева

    Doctor of Medical Sciences, Head of the Department of Propaedeutics of Internal Diseases, Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov, e-mail: nurgalieva.b@kaznmu.kz, Almaty, mobile: +7 701 210 6281. https://orcid.org/0000-0003-2555-8644

Әдебиеттер тізімі

Bakytova A.B., Dairabay S.Е., Utepova R.B., Nogayeva M.G., Medeulova A.R., Nurgaliyeva B.K. Case report: hemorrhagic vasculitis in an elderly patient // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 243- 251. doi 10.34689/SH.2025.27.4.029

Бакытова А.Б., Дайрабай С.Е., Утепова Р.Б., Ногаева М.Г., Медеулова А.Р., Нургалиева Б.K. Клинический случай: геморрагического васкулита у пациента старческого возраста // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С. 243-251. doi 10.34689/SH.2025.27.4.029

Бакытова А.Б., Дайрабай С.Е., Утепова Р.Б., Ногаева М.Г., Медеулова А.Р., Нургалиева Б.K. Клиникалық жағдай: егде жастағы науқастағы геморрагиялық васкулит // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 243-251. doi 10.34689/SH.2025.27.4.029

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 144

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.