СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢЕМДЕУГЕ БЕЙІМДІЛІГІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІКЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/gmj5x219Кілт сөздер:
созылмалы панкреатит, емдеуге бейімділік, медициналық және әлеуметтік факторларАңдатпа
Кіріспе. Созылмалы панкреатитті емдеуде тиімді нәтижелерге қол жеткізуде пациенттің емдеуге бейімділігі
маңызды рөл атқарады. Пациенттердің емдеуге бейімділігінің төмен болуы жүргізілген терапияның тиімділігін
айтарлықтай төмендетіп, аурудың және өлім көрсеткішінің өсуіне әкеледі.
Зерттеу мақсаты. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың емдеуге бейімділігі ерекшеліктерін
олардың медициналық-әлеуметтік сипаттамаларына байланысты зерттеу.
Зерттеу материалы және әдістері. Зерттеу дизайны - бір сәттік көлденең зерттеу. 2022-2023 жылдар
аралығында созылмалы панкреатитпен ауыратын 159 науқастардың емдеуге бейімділігіне байланысты
социологиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеу "Семей медицина университеті" КеАҚ университеттік госпиталінің
базасында жүргізілді. Медициналық - әлеуметтік аспектілерді анықтау үшін панкреатитпен ауыратын науқастарға
арналған сауалнама, Бек бойынша депрессия шкаласы [11], Спилберг тесті қолданылды [6]. Науқастарды емдеуге
бейімділікті зерттеу үшін "Комплаенттілік деңгейі" стандартталған сауалнамасы қолданылды Статистикалық талдау
SPSS 20.0 нұсқасын қолдана жүргізілді, нәтижелер р < 0.05 кезінде статистикалық маңызды болып саналды.
Нәтижелері. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастар жалпы орташа деңгейлі (40,9%), орташа
әлеуметтік (52,2%), айқын емес эмоционалды (43,4%), орташа айқын мінез – құлықтық (52,2%) комплаенттілік
көрсетті. Науқастардың 32,7% - ның жалпы комплаенттілігі төмен. Емдеуге бейімділіктің төмен деңгейі еркектерге
(51,9%), жұмысшыларға (43,2%) және жұмыссыздарға (34,8%), темекі шегетіндерге (50,0%), алкогольді ішетіндерге
(70,2%), амбулаторлы жылына 3 және одан да көп рет емделгендерге (50,0%), дәрігерлер бақылауында
болмағандарға (35,0%) тән. Емдеуге бейімділіктің жоғары деңгейін негізінен 60 жастан асқан пациенттер (50,0%),
зейнеткерлер (46,8%), 8-10 жыл (62,5%) ауыратын науқастар көрсетті.
Қорытынды: Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарға жалпы орташа деңгейлі, орташа әлеуметтік,
айқын емес эмоционалды, орташа айқын мінез-құлық комплаенттілік тән. Әрбір үшінші науқас емдеуге
бейімділіктің төмен деңгейін көрсетті. Еркектерге тиесілі болу, кері қылықтар (темекі шегу, алкогольді ішу),
жұмысшы мәртебесі, жұмыссыздық, жиі амбулаториялық емделу (аурудың жиі өршуіне байланысты), дәрігер
бақылауында болмау емдеуге бейімділіктің төмендеуіне ықпал етеді.
Әдебиеттер тізімі
Akhmetov A.Zh., Bulegenov T.A., Aimagambetov M.Zh., Omarov N.B., Baibussinova A.Zh., Tanysheva G.А., Masalov A.E., Abdrakhmanov S.T., Auenov M.A. Medical and social features of adherence to treatment of patients with chronic pancreatitis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 21-30. doi 10.34689/SH.2024.27.2.003
Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Байбусинова А.Ж., Tanysheva G.А., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Медико – социальные особенности приверженности к лечению больных с хроническим панкреатитом // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (2), С.21-30. doi 10.34689/SH.2024.27.2.003
Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Байбусинова А.Ж., Танышева Г.А., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың емдеуге бейімділігінің медициналық-әлеуметтік ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (2), Б. 21-30. doi 10.34689/SH.2024.27.2.003
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.