РАДИОЙОДҚА ТӨЗІМДІ ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ САРАЛАНҒАН ОБЫРЫ: КЛИНИКО-ПАТОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ, МОЛЕКУЛЯРЛЫҚГЕНЕТИКАЛЫҚ АЛЬТЕРАЦИЯЛАРЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/as8rbb13Кілт сөздер:
«жоғары сараланған қалқанша безінің қатерлі ісігі», «радиойодты терапия», «радиойодқа төзімділік», «BRAFV600E», «TERT», «NRAS»Аңдатпа
Кіріспе. Қалқанша безінің қатерлі ісігі - эндокриндік жүйенің ең көп таралған қатерлі ісіктерінің бірі. Радиоактивті йод I131 қалқанша безінің сараланған обыры (ҚБСО) бар науқастарды емдеудегі негізгі препарат болып табылады, алайда, қалқанша безінің сараланған обырының 5%-15% дейін жəне 50% метастаздық ҚБСО I 131 радиоактивті йодпен емдеуге төзімді болып келеді. Кейбір науқастар кешенді емдеуден кейінгі рецидивтерден зардап шегеді. Қайталанатын ауру жиі радиойодқа төзімді болып келеді жəне радиойодты терапияға нашар жауап береді. Мақсаты. Радиойодқа төзімді қалқанша безінің қатерлі ісігі мəселелеріне жəне олардың клинико-патологиялық жəне молекулалық-генетикалық сипаттамаларына арналған жарияланымдарды талдау. Іздеу стратегиясы. Əдебиеттерді іздеу Web of Science Core Collection, Scopus, Google Scholar электронды базаларында соңғы 5 жылдың ішіндегі: 2018 жыл мен 2023 жылдар аралығында жүргізілді. Қосылу критерийлеріне жүйелі шолулар, түпнұсқа мақалалар енгізілді. Алып тастау критерийлеріне əдістемелік сапасы төмен мақалалар, мақалалардағы деректердің қайталануы, жетіспейтін немесе толық емес деректері, жағдайлық есептер, хаттар, редакциялық мақалалар жəне сараптамалық қорытындылар кірді. 135 мақала табылып, оның 88-і талдауға іріктеліп алынды. Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нəтижесі гистологиялық, Ki-67 LI экспрессиясының иммуногистохимиялық (ИГХ) зерттеулерін жүргізу радиойодқа төзімді қалқанша безінің сараланған қатерлі ісігінде маңызды болжамы болып табылатынын көрсетті. Сондай-ақ BRAFV600E/TERTp, BRAFV600E/NRAS драйверлік мутацияларының қатар кездесуі агрессивті клинико-патологиялық сипаттамалармен жəне радиойодқа төзімділіктің пайда болуымен байланысты болуы мүмкін, бұл өз кезегінде емдеу тактикасын анықтауда маңызды болып табылады. Қорытынды. Қорытындылай келе, радиойодқа төзімді қалқанша безінің қатерлі ісігінің клинико-патологиялық жəне молекулалық сипаттамаларын анықтау үшін гистологиялық, Ki-67 LI экспрессиясының иммуногистохимиялық (ИГХ) зерттеулерін жүргізу, сондай-ақ TERTp, BRAFV600E, NRAS мутацияларына молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізу қажет. Бұл көрсеткіштерді одан əрі зерттеу өзекті мəселе болып табылады жəне қосымша зерттеулерді қажет етеді.
Әдебиеттер тізімі
Rakhmankulova A.M., Pak L.A., Pivina L.M., Tanatarov S.Z, Atantayeva B.Zh., Mussulmanova M.A., Bolsynbekova S.O., Kabildina N.A., Baurzhan A.B. Radioiodine-resistant differentiated thyroid cancer: clinicopathological characteristics, molecular genetic alterations. Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (2), pp. 158-170. doi 10.34689/SH.2024.26.2.019
Рахманкулова А.М., Пак Л.А., Пивина Л.М., Танатаров С.З., Атантаева Б.Ж., Мусульманова М.А., Болсынбекова С.О., Кабилдина Н.А, Бауржан А.Б. Радиойодрезистентный дифференцированный рак щитовидной железы: клиникопатологические характеристики, молекулярно-генетические альтерации. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (2). С. 158-170. doi 10.34689/SH.2024.26.2.019
Рахманкулова А.М., Пак Л.А., Пивина Л.М., Танатаров С.З., Атантаева Б.Ж., Мусульманова М.А., Болсынбекова С.О., Кабилдина Н.А., Бауржан А.Б. Радиойодқа төзімді қалқанша безінің сараланған обыры: клинико-патологиялық сипаттамалары, молекулярлық-генетикалық альтерациялары. Əдеби шолу // Ғылым жəне Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 158-170. doi 10.34689/SH.2024.26.2.019
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.