ҚАЗІРГІ РЕВМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/6j3mf724Кілт сөздер:
жасанды интеллект, терең оқыту, машинамен оқытy, нейрондық желілер, ревматологияАңдатпа
Өзектілігі: Клиникалық тәжірибеде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану ревматология саласында диагноз қою мен болжау дәлдігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл салада аурулардың гетерогенділігі және визуалды әрі клиникалық деректерді түсіндірудегі күрделілік жоғары. Іздеу стратегиясы: PubMed, Google Scholar және CyberLeninka дерекқорларынан анықталған 467 дереккөздің ішінен іріктелген 58 ғылыми жарияланымға талдау жүргізілді (2015–2025 жж.). Ревматологияда машиналық және терең оқыту әдістерін қолдануға арналған түпнұсқалық зерттеулер мен шолу мақалалары қарастырылды. Нәтижелер: ЖИ ерте диагностикалау, ауру барысын болжау және жекелендірілген емді таңдау міндеттерін шешу үшін кеңінен енгізілуде. Бұл ретте ревматоидты артрит, спондилоартрит, жүйелі қызыл жегі және остеоартрит сияқты аурулар қарастырылған. Ең тиімді әдістер ретінде — өте дәл нейрондық желілер, мультиомдық тәсілдер және бейімделген болжамдық модельдер танылды. Олар жоғары дәлдікпен (AUC 0.85-ке дейін) ерекшеленді. Дегенмен, оқыту деректерінің шектеулілігі, сыртқы валидация қажеттілігі және модельдерді стандарттаудың жеткіліксіздігі клиникалық қолдануға кедергі келтіруде. Қорытынды: Жасанды интеллект ревматологиялық тәжірибеде жоғары қолданбалы құндылыққа ие. Денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау үшін нормативтік реттеу, медициналық персоналды даярлау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және пәнаралық ынтымақтастық қажет.
Әдебиеттер тізімі
Petrova Y.V., Goremykina M.V., Ivanova R.L., Kozhakhmetova D.K., Botabayeva A.S., Razvodova A.A. Capabilities of Artificial Intelligence in Modern Rheumatology. Literature review // Nauka I Zdravookhranenie [Science&Healthcare]. 2025. Vol.27(3), pp.236-244. doi 10.34689/SH.2025.27.3.025
Петрова Ю.В., Горемыкина М.В., Иванова Р.Л., Кожахметова Д.К., Ботабаева А.С., Разводова А.А.Возможности искусственного интеллекта в современной ревматологии. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 236-244. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.025
Петрова Ю.В., Горемыкина М.В., Иванова Р.Л., Кожахметова Д.К., Ботабаева А.С., Қазіргі ревматологиядағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 236-244. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.025
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.