ЖАМБАС ЖАРАҚАТТАРЫНЫҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРАЛУЫ: КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/rd2vj513Кілт сөздер:
жамбас жарақаттары, жамбас сақинасының сынуы, эпидемиологияАңдатпа
Кіріспе: біріктірілген жарақаттың бөлігі ретінде жамбас жарақаттары ауыр медициналық проблема болып табылады, оның өлімі әр түрлі авторлардың пікірінше 60% жетеді [1, 4] (Адам Старр, Джозеф П.Миней, 2002). Жамбас жарақаттарының таралуы салыстырмалы түрде аз және жалпы жарақаттардың шамамен 16% құрайды [16], шокпен және қан кетумен бірге жүретін тұрақсыз жамбас сынықтары әсіресе қауіпті [20]. Тек шектеулі басылымдар жамбас жарақаттарының эпидемиологиясына, соның ішінде пациенттердің жас және жыныстық таралуын талдауға [14], жарақат жағдайларына, зақымданудың анатомиялық орналасуына және басқа сипаттамаларға арналған [3]. Бұл зерттеудің мақсаты Шығыс Қазақстан облысы (Қазақстан) Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылған жамбас сүйектері жарақаттанған пациенттерге эпидемиологиялық талдау жүргізу болып табылады. Материал және әдістер: бұл зерттеу бір оқу орнындағы сипаттамалық ретроспективті зерттеу болып табылады. Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: IRN AP05135531 "Қазақстан Республикасында жол-көлік оқиғалары кезінде жамбас сүйектерінің жарақаттарын ортохирургиялық оңалту жүйесін әзірлеу" жобасын гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалды. Көлденең зерттеу жүргізілді. Оған 01.01.2013- 31.12.2017 жылдар аралығында жамбас жарақаттарының барлық жағдайлары (N = 250) енгізілді. Нәтижелері: зерттеуге 01.01.2013 - 31.12.2017 ж.аралығында Семей қаласының мемлекеттік жедел медициналық жәрдем ауруханасында стационарлық емдеуден өткен жамбас сүйектерінің жарақаты бар 250 зардап шегушіні тексеру нәтижелері енгізілді. зардап шеккендердің 46,8% - ы (117 адам) ерлер, 53,2% - ы (133 адам) әйелдер. Бір жыл ішінде жамбас сүйектерінің зақымдану жағдайлары тіркелді: көктемде 20,8% (N = 52), қыста 24,4% (N = 61), жазда 22,4% (N = 56) және күзде 32,4% (N = 81). Зардап шеккендердің 93,2% (N =233) хирургиялық емдеуді қажет етпеді, 6,8% (N =17) хирургиялық жолмен емделді. Зардап шеккендердің 97,2% (N = 243) шығарылды. Қорытынды: жамбас жарақаттарының негізгі себептері жол-көлік оқиғалары мен биіктіктен құлау болып табылады, бұл жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін көрсетеді. Ao-Tile классификациясына сәйкес жарақаттардың таралуы А типінің (54,4%) және В типінің (41,2%) басым екенін көрсетті.
Әдебиеттер тізімі
Efendiyeva E.I., Zhunusov Y.T., Mesova A.M., Zhaparova Zh.D., Tlemisov A.S. Pelvic injuries in Semey city: crosssectional study // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), С.99-107. doi 10.34689/SH.2025.27.2.012
Эфендиева Э.И., Жунусов Е.Т., Месова А.М., Жапарова Ж.Д., Тлемисов А.С. Распространенность повреждений таза в городе Семей: поперечное исследование // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (2), С.99-107. doi 10.34689/SH.2025.27.2.012
Эфендиева Э.И., Жунусов Е.Т., Месова А.М., Жапарова Ж.Д., Тлемисов А.С. Жамбас жарақаттарының Семей қаласындағы таралуы: көлденең зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (2), Б. 99-107. doi doi 10.34689/SH.2025.27.2.012
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.