ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН КЛИНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АНЫҚТАЙТЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/fts1r156Кілт сөздер:
клиникалық зерттеу, Қазақстан, клиникалық зерттеуді тіркеу, деректердің қолжетімділігіАңдатпа
Елдегі клиникалық зерттеулер (КЗ) туралы ақпараттың қолжетімділігі жеткілікті ашықтықтың және жүргізілетін КЗ сапасының маңызды шарты болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстанда КЗ туралы ақпараттың қолжетімділігін талдау болды. Негізгі әдісті интернетте жалпыға қол жетімді дереккөздермен іздеу болып табылады. Төрт дереккөз бойынша мәліметтер табылып талданды: екі орыс тілді-дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының КЗ ұлттық базасы, Қазақстандағы КЗ туралы деректермен бірге "дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі" ресейлік тіркелімі; екеуі ағылшын тілінде- ClinicalTrials.gov АҚШ Ұлттық медицина Кітапханасының халықаралық базасы және ДДҰ International Clinical Trials Registry Platform (ICTRP) клиникалық зерттеулер тізілімінің халықаралық платформасы. Сондай-ақ, жергілікті этикалық комиссиялардың деректері ескерілді. Талдау нәтижелері бойынша келесі негізгі тұжырымдар жасалды: ағылшын тіліндегі мәліметтер базасы қол жетімді және ақпараттар толық берілген; ақпарат мөлшері мен оның мазмұны әр түрлі; барлық ресурстарда мәліметтер аса жеткіліксіз. Осындай талдаулар негізінде Қазақстанда КЗ туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру үшін кейбір ұсыныстар берілді.
Әдебиеттер тізімі
Sibagatova A., Kulkayeva G., Kassiyeva B., Avdeyev A., Turar O., Albayev R., Shanazarov N., Nurgozhin T., Issabekova A. Analysis of the current situation on the availability of information on ongoing clinical trials in the Republic of Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 7-14. doi 10.34689/SH.2023.25.6.001
Сибагатова A., Кулкаева Г., Касиева Б., Авдеев A., Турар O., Албаев Р., Шаназаров Н., Нургожин T., Исабекова A. Анализ текущей ситуации доступности информации о проводимых клинических испытаниях в Республике Казахстан // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 7-14. doi 10.34689/SH.2023.25.6.001
Сибагатова A., Кулкаева Г., Касиева Б., Авдеев A., Турар O., Албаев Р., Шаназаров Н., Нургожин T., Исабекова A. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жүргізілетін клиникалық сынақтар туралы ақпараттың қолжетімділігін анықтайтын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 7-14. doi 10.34689/SH.2023.25.6.001
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.