SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰРЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢТЕЖЕЛУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫҢЖИІЛІГІ МЕН АССОЦИАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/anxj5y91

Кілт сөздер:

ұрық дамуының бұзылуы, жекеленген графиктер, аналық пен перинаталды қауіп факторалары, перинаталды нәтижелер, ұрықтың төмен салмағы

Аңдатпа

Кіріспе: Ұрық дамуының тежелуі (ҰДТ) көптеген қауіп факторлар әсерінің нәтижесінде өзінің құрсақішілік
потенциалына жетпеуімен, сау нәрестелермен салыстырғанда аурушаңдық пен өлімге аса бейімділігімен
сипатталады.
Мақсаты: Біздің зерттеудің мақсаты – гипотезаға сәйкес ҰДТ негативті әсер ететін қауіп факторлардың әсерін
бағалау.
Материалдар мен тәсілдер: Осы зерттеудің дизайны – 2016 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31
желтоқсанына дейін өткен ретроспективті зерттеу. Зерттеуге қосу критерийлері: жүктіліктің алғашқы үш айында 10-
14 апта мерзімдегі УДЗ скрининг болуы, жүктіліктің асқынбаған ағымы, бір ұрықты жүктілік. Зерттеуге қоспау
критерийлері: көп ұрықты жүктілік, ұрықтың жамбаспен орналасуы, ұрықтың дұрыс емес жағдайда орналасуы
(көлденең, қиғаш), ұрықтың салмағы 2500 грамм дейін немесе 4000 граммнан жоғары, уақытынан ерте босану,
гипертензиялық жағдайлар, ұрықтың антенаталды өлуі, ұрықтың жатырішілік ақаулары, қағанақ суының көптігі,
қағанақ суының аздығы, экстрагениталды патология.
Статистикалық анализ. Барлық айналмалар олардың қалыпты таралуына тексерілді. Суреттейтін статистика
үздіксіз қалыпты емес таралған айналмалар үшін медиананы (Q1 - Q3) қосты. Нәтижелерді ҰДТ бар және ҰДТ жоқ
нәрестелер арасында салыстырылды. Қалыпты емес таралған айналмаларда орташа мәндерін салыстыру үшін екі
топтың арасында Манна-Уитни тесті қолданылды. Топтар арасында категориялық айналмалар айырмашылықтарын
салыстыру үшін χ2 қолданылды. Барлық сенімділік интервалдары (СИ) 95% құрады. Бір тест үшін статистикалық
маңыздылық p<0,05 ретінде алынды.
Нәтижелер: Осы зерттеуге 3211 қыз бен 3336 ұл туды, оның ішінде 85 қыз бен 75 ұлдарда ҰДТ болған. 6355
нәресте тірі туған және 192 – өлі туған, оның ішінде ҰДТ бар 136 нәресте тірі туған, ал ҰДТ бар 24 нәресте – өлі
туған (p = 0,001). Преэклампсиясы бар жүкті әйелдерде ҰДТ даму мүмкіндігі преэклампсиясы жоқ жүкті әйелдермен
салыстырғанда анағұрлым жоғары болды (p<0,001). Қалыпты орналасқан планцентаның жыртылуы;
допплерография мәліметтері бойынша ана-планценталық қанайналымның бұзылуы; ұрықтың дистрессі және
олигогидрамниоз ҰДТ бар нәрестелерде ҰДТ жоқ нәрестелермен салыстырғанда жиі кездесті (p <0,001). Осы
жүктілік кезіндегі кіндіктің аномалиясы бар нәрестелерде ҰДТ кіндіктің аномалисы жоқ нәрестелерге қарағанда жиі
кездесті (p = 0,029). УДЗ бойынша төмен орналасқан плацента және плацентаның толық төмен орналасуы ҰДТ бар
нәрестелерде ҰДТ жоқ нәрестелермен салыстырғанда жиі кездесті, сәйкесінше (p = 0,006) және (p = 0,001). 
Қорытынды: Біздің зерттеуде ҰДТ АГ, жүрек ырғағының бұзылуы, өкпе мен бронх аурулары, мерез бар жүкті
әйелдерде осы аурулары жоқ әйелдермен салыстырғанда жиі кездесті. ҰДТ преэклампсиямен, жатырдағы
тыртықтың болуымен, HELLP-пен, қалыпты орналасқан планцентаның жыртылуымен, ана-планценталық
қанайналымның бұзылуымен, олигогидрамниозбен, ұрықтың дистрессімен, кіндік аномалиясымен, УДЗ бойынша
төмен орналасқан плацентамен және плацентаның толық төмен орналасуымен байланысты болды.

Автор өмірбаяны

  • Меруерт Шарипова

    Aassistant of the Department of Obstetrics and Gynaecology named after A.A. Kozbagarov NJSC
    «Semey Medical University», Semey, Republic of Kazakhstan;
    Address: F17G0D4 (071400) Kazakhstan, Abay Region, Semey, 103 Abay Kunanbayev St.
    E-mail: meruert_sharipov@mail.ru
    Phone: +7 701 748 97 91

Әдебиеттер тізімі

Sharipova М.G., Tanysheva G.A., Shakhanova A.T., Khamidullina Z.G., Sharipova H.K., Zhaksylykova Z.K., Lozhkina E.Yu., Kozhakhmetova D.K., Akimzhanov K.D. Frequency and association of the factors influencing fetal growth restriction in the republic of Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 59-70. doi 10.34689/SH.2023.25.6.007

Шарипова М.Г., Танышева Г.А., Шаханова А.Т., Хамидуллина З.Г., Шарипова Х.К., Жаксылыкова З.К., Ложкина Е.Ю., Кожахметова Д.К., Акимжанов К.Д. Частота и ассоциация факторов, влияющих на задержку роста плода в Республике Казахстан // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 59-70. doi 10.34689/SH.2023.25.6.007

Шарипова М.Г., Танышева Г.А., Шаханова А.Т., Хамидуллина З.Г., Шарипова Х.К., Жаксылыкова З.К., Ложкина Е.Ю., Кожахметова Д.К., Акимжанов К.Д. Қазақстан Республикасында ұрықтың дамуының тежелуіне әсер ететін факторлардың жиілігі мен ассоциациясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.59-70. doi 10.34689/SH.2023.25.6.007

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 203

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.