SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ІШЕК МИКРОБИОМЫНЫҢ ҮРЕЙ ЖӘНЕ ДЕПРЕССИЯ БЕЛГІЛЕРІНЕ ӘСКРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/9qr9fe34

Кілт сөздер:

ішек микробиомы, ішек микробиотасы, «ми–ішек–микробиота» осі, пробиотиктер, пребиотиктер, психобиотиктер, ішек пен ми арасындағы өзара әрекеттесу, психикалық денсаулық, үрей, депрессия, аффективті бұзылыстар,, ішек дисбиозы

Аңдатпа

Кіріспе. «Ми–ішек–микробиота» тұжырымдамасы орталық жүйке жүйесі, эндокриндік және иммундық жүйелер, ішек микробиотасы, метаболикалық үдерістер мен ми және ішек тосқауылдық функциялары арасындағы күрделі өзара байланыстарды қамтитын тұтас модельді білдіреді. Бұл жүйелердің үйлесімді қызметі денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның бұзылуы әртүрлі патологиялардың, соның ішінде депрессиялық бұзылыстардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Материалдар мен әдістер. Зерттеу барлығы 100 пациентті қамтыды. Қосылу және алынып тастау критерийлері анықталды. Негізгі топ пробиотик қабылдады, ал бақылау тобы қабылдамады. Топтар арасындағы айырмашылықтарды бағалау үшін Манн–Уитни (Mann–Whitney U) параметрлік емес тесттері қолданылды. Сапалық талдау топтар бойынша жүргізілді, мазасыздық пен депрессия көрсеткіштері екі топта да бағаланды, жиіліктер Пирсон (χ²) критерийімен салыстырылды. Нәтижелері. Зерттеу нәтижелері ішек микробиотасының психикалық денсаулыққа, атап айтқанда үрей мен депрессия деңгейлеріне әсер ететінін растайды. BAI және BDI шкалалары мен GAD-7 және PHQ-9 шкалалары арасындағы корреляцияның болмауы қосымша зерттеуді талап етеді. PHQ-9 және GAD-7 шкалалары BDI мен BAIға қарағанда қысқа және аз егжей-тегжейлі болып келуі мүмкін. Қорытынды. Көптеген зерттеулерде депрессия кезінде ішек микробиотасы мен оның метаболиттерінің бұзылуы анықталған. Пребиотиктер, пробиотиктер және психобиотиктердің ми функциясына әсер ету және психикалық жағдайды жақсарту мүмкіндігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерде дәлелденген.

Автор өмірбаяны

  • Айым Сахипова

    Neurologist, Corporate Fund “University Medical Center”, Astana, Kazakhstan, Turan avenue, 38

Әдебиеттер тізімі

Kushugulova A.R., Bekbosynova M.S., Sakhipova A.G., Sailybaeva A.I., Taukelova A.T. The Influence of the gut Microbiome on symptoms of Anxiety and Depression // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 65-71. doi 10.34689/SH.2025.27.4.009

Кушугулова А.Р., Бекбосынова М.С., Сахипова А.Г., Сайлыбаева А.И., Таукелова А.Т. Влияние кишечного микробиома на симптомы тревожности и депрессии // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С. 65-71. doi 10.34689/SH.2025.27.4.009

Кушугулова А.Р., Бекбосынова М.С., Сахипова А.Г., Сайлыбаева А.И., Таукелова А.Т. Ішек микробиомының үрей және депрессия белгілеріне әскрі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 65-71. doi 10.34689/SH.2025.27.4.009

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 190

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.