SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ДӘНЕКЕР ТІН ДИСПЛАЗИЯСЫНЫҢ ФОНЫНДАҒЫ РЕАКТИВТІ АРТРИТ – АҒЗА МИКРОБИОМЫНЫҢ РӨЛІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/63c8nn69

Кілт сөздер:

реактивті артрит, балалар, дәнекер тінінің дисплазиясы, микробиом, мультиионды хромато-масс спектрометрия

Аңдатпа

Кіріспе: Реактивті артрит (РeA) ағымы бірқатар факторларға байланысты, оның этиологиясы мен патогенезіне, 
сонымен қатар ауру дамымай тұрған кезеңіндегі ағзаның жалпы күйімен анықталады. Дәнекер тіннің дисплазиясы 
фонындағы реактивті артрит ағза микробиомының ерекшелігіне байланысты ауыр өтіп, қабыну процесінің 
созылмалы қаупіне ие болуы мүмкін. 
Мақсаты: Дәнекер тіннің дисплазиясы (ДТД) фонында реактивті артриті бар балаларда ағза микробиомының 
ауру ағымына мен нәтижесіне әсерін бағалау. 
Материалдар мен әдістер: Дизайн: Көлденең клиникалық зерттеу 2019-2022 жж. аралығында «Семей 
медицина университеті» КеАҚ Университеттік аурухананың клиникалық базасында жүзеге асырылды. 
Популяциялық топты (РеА-сіз) 6 мен 18 жас аралығындағы 288 бала құрады. Реактивті артритпен ауыратын 
балалардың негізгі тобына екі жас санатына бөлінген 146 науқас, оның ішінде дәнекер тінінің дисплазиясы бар 50 
науқас кірді: 6-12 жас (49, оның ішінде ДТД бар 23) және 13-18 жас (тиісінше 97 және 27). 
Зерттеу әдістеріне диагностикалық және емдеу хаттамасына сәйкес балаларды кешенді тексеру, клиникалық 
белгілердің жинағы негізінде ДТД анықтау, мультиионды хромато-масс-спектрометрияны қолдану арқылы 
организмнің микробиом құрамын анықтау және статистикалық әдістер кірді. 
Зерттеу нәтижелері: Зерттелетін топтар арасында ағза микробиомының құрылымында және сәйкесінше соған 
байланысты параметрлерде айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. РeA болған жағдайда, популяциялық 
топпен салыстырғанда, ең көп таралған резидентті микроорганизмдер құрамының төмендеуі және 13-18 жас 
тобында әдетте кездеспейтін транзиторлы микроорганизмдердің, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюі 
анықталды. ДТД жоқ және РeA және ДТД бар балалардың кіші топтарын салыстырмалы талдау кезінде резидентті 
микроағзалардың төмен санын және қалыпты жағдайда табылмайтын микроорганизмдердің формаларының 
жоғарылауын анықтады. 
РeA бар ДТД-сыз балалардың екі жас тобында да плазмалогеннің жоғары мөлшері анықталды. Керісінше, ДТД 
болған жағдайда эндотоксиннің жоғары мөлшері анықталды. Бақылау тобымен салыстыру кезінде микробиомның, 
плазмалогеннің және эндотоксиннің дисбалансымен байланысты бірқатар елеулі жалпы жүктеме көрсеткіштерін 
айырмашылықтары бар екенін атап өткен жөн. 
Клиникалық ағымды талдау кезінде ДТД болған кезде микробиомның өзгеруімен үйлесетін буын зақымдану 
симптомдарының ұзақтығының жоғарылауы және созылмалы жағдайға ауысу қаупі анықталды. 
Қорытынды: Алынған деректер келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді: - реактивті артриті бар балалардағы организм микробиомының жағдайы белгілі қауіп факторы болып табылатын 
резидентті микроағзалардың құрамының төмендеуінен және тразиторлы және потенциалды патогенді 
микроорганизмдердің абсолютті және салыстырмалы жоғарылауынан тұратын теңгерімсіздікпен сипатталады; - ДТД болуы микробиомның теңгерімсіздігінің неғұрлым ауырлығын анықтайды, оның ішінде интегралды 
көрсеткіштер бойынша, плазмалоген мен эндотоксин құрамы, бұл буындардағы қабыну процесінің күшеюі мен 
тұрақтылығының қауіп факторы ретінде қызмет етеді; - бұл комбинация клиникалық тұрғыдан маңызды және де дифференцирленбеген ДТД бар балалардағы РеА 
негізгі клиникалық-зертханалық белгілерінің ұзақтығымен дәлелденеді. 

Автор өмірбаяндары

  • Aйгуль Тугелбаева

    Assistant, Department of Propaedeutics of Children's Diseases NCJSC «Semey 
    Medical University», https://orcid.org/0000-0002-4920-3525. Semey, Kazakhstan

  • Райфа Иванова

     Professor, Doctor of Medical Sciences, Department of Internal Medicine and Rheumatology 
    NCJSC «Semey Medical University», 103 Abay street, Semey, 071400, Kazakhstan; Email: raifa.ivanova@smu.edu.kz; 
    Phone number: +7(777)147-28-92. https://orcid.org/0000-0001-9851-2255

  • Бакыткуль Токтабаева

    Candidate of Medical Sciences, Acting Associate Professor, Department of 
    Propaedeutics of Children's Diseases NCJSC «Semey Medical University», 103 Abay street, Semey, 071400, Kazakhstan; 
    Email:bakytkul.toktabayeva@smu.edu.kz; Phone number:+7(701)150-84-20. https://orcid.org/0000-0001-5899-1247

  • Юрий Лобанов

    Professor, Doctor of Medical Sciences, Department of Propaedeutics of Children's Diseases, «Altai State 
    Medical University» Lenin Prospect 40, Barnaul, Russian Federation, 656038; Email: k-propdetbol@asmu.ru; Phone 
    number: +7 (960) 946-71-43. https://orcid.org/0000-0001-6284-1604

Әдебиеттер тізімі

Tugelbayeva A.M., Ivanova R.L., Toktabayeva B.Zh., Lobanov Yu.F. Reactive arthritis in the context of connective tissue dysplasia – the role of the organism's microbiome // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 38-48. doi 10.34689/SH.2024.26.6.005

Тугелбаева A.M., Иванова Р.Л., Токтабаева Б.Ж., Лобанов Ю.Ф. Реактивный артрит на фоне дисплазии соединительной ткани – роль микробиома организма // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 38-48-15. doi 10.34689/SH.2024.26.6.005

Тугелбаева A.M., Иванова Р.Л., Токтабаева Б.Ж., Лобанов Ю.Ф. Дәнекер тін дисплазиясының фонындағы реактивті артрит – ағза микробиомының рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 38-48. doi 10.34689/SH.2024.26.6.005

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-06

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 230

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.