ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚ ЕР АДАМДАРЫНДА ЭРЕКТИЛЬДІДИСФУНКЦИЯНЫҢ ТАСЫМАЛДАУШЫ АҚУЫЗПОЛИМОРФИЗМІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/q4gjem06Кілт сөздер:
эректильді дисфункция, ГСПГ полиморфизмі, жасқа байланысты гипогонадизм, артық салмақАңдатпа
Кіріспе. Жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулин тасымалдаушы ақуыз ретінде андрогендерді
нысана жасушаларға жеткізуде маңызды рөл атқарады. Тестостерон деңгейінің жасқа байланысты төмендеуімен
байланысты алғашқы белгілердің бірі — эректильді дисфункция.
Зерттеудің мақсаты: Жасқа байланысты гипогонадизмі бар қазақ ұлтындағы ер адамдарда жыныстық
гормондарды байланыстырушы глобулин (ЖГБГ) тасымалдаушы ақуыз генінің полиморфизмі мен эректильді
дисфункция арасындағы байланысты зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Бұл зерттеу ГСПГ генінің rs727428, rs5934505 және rs10822184
полиморфизмдерінің артық салмағы бар қазақ ер азаматтарында эректильді дисфункцияның ерте даму қаупімен
байланысын анықтауға бағытталған. Жалпы саны 253 қазақ ер азаматы зерттеуге қатысты. Негізгі топты МИЭФ-5
сауалнамасы бойынша (6–25 ұпай) эректильді дисфункция белгілері бар 83 ер адам, бақылау тобын эректильді
дисфункция белгілері жоқ, сау МИЭФ-5 нәтижесі (26–30 ұпай) бойынша 170 ер адам құрады. Бір нуклеотидті
полиморфизмдер — rs727428 [C/T], rs5934505 [C/T], rs10822184 [T/C] — TaqMan әдісімен анықталды. Сонымен қатар, қан сарысуындағы ЖГБГ деңгейі, андрогендер фракциясы (жалпы тестостерон, бос тестостерон және
биожетімді тестостерон), альбумин деңгейі және липидтік профиль (ЖТЛП, ТТЛП, триглицеридтер) де анықталды.
Нәтижелер. Негізгі топтағы артық салмағы бар ер адамдарда эректильді дисфункция rs5934505 генетикалық
вариациясымен ассоциацияланған (p=0,004). Алайда бұл полиморфты ақуыз тестостерон концентрациясымен және
липид алмасуымен байланыспаған. Rs727428 полиморфизмінің альбуминмен (p=0,03) және тестостеронмен
(p=0,001) байланысы анықталды. Rs10822184 полиморфизмінің ЛПНП (p=0,01) және триглицерид (p=0,04)
концентрациясына әсері тіркелді.
Қорытындылар. Артық салмағы бар қазақ ер адамдарында эректильді дисфункцияның ерте пайда болуы
ЖГБГ генінің rs 5934505 полиморфизмімен байланысты. Rs727428 полиморфизмінің жалпы тестостерон
концентрациясына әсері дәлелденді және rs10822184 полиморфизмі қазақ ерлерінде ЛПНП мен триглицерид
деңгейімен ассоциацияланған.
Әдебиеттер тізімі
Аккалиев М.Н., Жунуспекова А.С., Берікұлы Д., Бухариева С.С., Кудербаев М.Т., Ботабаева А.С., Иманбаев М.Н., Базарбеков Р.Ж. Ассоциация эректильной дисфункции с полиморфизмом транспортного белка у мужчин старшего возраста казахского этноса // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (2), С.46-52. doi 10.34689/SH.2025.27.1.006
Akkaliyev M.N., Zhunuspekova A.S., Berikuly D., Bukharieva S.S., Kuderbaev M.T., Botabaeva A.S., Imanbayev M.N., Bazarbekov R.Zh. The association of erectile dysfunction with transporter protein polymorphism in elderly Kazakh men // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 46-52. doi 10.34689/SH.2025.27.2.006
Аккалиев М.Н., Жунуспекова А.С., Берікұлы Д., Бухариева С.С., Кудербаев М.Т., Ботабаева А.С., Иманбаев М.Н., Базарбеков Р.Ж. Егде жастағы қазақ ер адамдарында эректильді дисфункцияның тасымалдаушы ақуыз полиморфизмімен байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Т.27 (2), Б.46-52. doi 10.34689/SH.2025.27.2.006
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.