SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖҮЗГҮН ӨСІМДІГІНІҢ НЕГІЗІНДЕГІ СУБСТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖАРАНЫ ЕМДЕУ ҚАСИЕТІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ (G15)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/d0em8222

Кілт сөздер:

күйік, жара, жүзген заты, регенерация

Аңдатпа

Кіріспе. Жаралар мен күйік жарақаттардың емінде дәрілік шөптерді қолдану көптеген елдерде альтернативті ем ретінде маңызы артып келуде. Қарақұмық тұқымдасының өсімдіктерінде табиғи қосылыстардың әртүрлі кластарындағы биологиялық белсенді заттар бар: флавоноидтар, таниндер, терпеноидтар, амин қышқылдары, көмірсулар, микроэлементтер, эфир майлары, бұл оның қабынуға қарсы зат ретінде дәстүрлі медицинада қолданылуын түсіндіреді және бұл өсімдіктерді одан әрі зерттеуге талпыныс береді. Зерттеу мақсаты. Қарақұмық тұқымдасының Жүзгүн өсімдігінен алынған G15 субстанциясының жараны емдеу қасиетін егеуқұйрықтардағы күйік жарасының тәжірибелік үлгісі бойынша бағалау. Материалдар мен зерттеу әдістері. G15 субстанциясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты ұсынған. Липодерм эмульсиясының негізінде 3 концентрацияда G.15 затының жақпа майы дайындалды: 1%, 3% және 5%. Салыстырмалы препараттар ретінде 10% Метилурацил жақпа майы (өндіруші Биосинтез, РФ), шырғанақ майы (Қызылмай ПК фирмасының өнімі, ҚР) алынды. Субстанцияның іn vivo жараларды емдеу белсенділігін зерттеу 6 топтағы егеуқұйрықтардағы күйік жарасының үлгісінде жүргізілді. Тіндердің регенерация процесі 1, 7, 14, 21 және 28-ші күндерде күйік кабыршағынан тазалану, эпителизация және жараның толық жазылу мерзімдері және зерттеудің 1, 15 және 30-шы күндерінде тіндердің кесінділерінің гистологиялық талдау нәтижелері бойынша бағаланды Нәтижелер. Жануарлардың тәжірибелік топтарында жараның жазылуы терінің терең қабаттарына некроздың таралуын тоқтататын процестің жеңіл жүруімен сипатталды. Жалпы күйік жараларының ең қысқа жазылу уақыты заттың 5% жақпа майын және метилурацил жақпа майын қолданғанда байқалды. Сонымен, бақылаумен салыстырғанда жараның жазылу уақыты сәйкесінше 12,0 және 10,72 күнге қысқарды, ал басқа эксперименттік топтарда жара жазылу уақыты ұзағырақ болды . Гистоморфологиялық зерттеулер күйіктен кейін тері тінінің қалпына келу динамикасын растады. Қорытындылар. Алынған мәліметтер Жүзгін өсімдігінен алынған G15 субстанциясының негізіндегі 5% жақпа майы жараны емдейтін әрекетке ие және өзінің тиімділігі бойынша шырғанақ майынан, 1% және 3% субстанция жақпа майынан жоғары және тиімділігі жағынан метилурацил жақпа майымен салыстыруға болатынын көрсетеді.

Автор өмірбаяны

  • Жанагуль Хасенбекова

    Заведующая учебно-исследовательской лаборатории кафедры фармакологии НАО «Медицинский университет Астана», г. Астана, Республика Казахстан. Почтовый адрес: Республика Казахстан,010000, г. Астана, ул. Сары-Арка 33. E-mail: zhanagul.khassenbekova@gmail.com Телефон: 8 777 772 78 16

Әдебиеттер тізімі

Сакуов Ж.Н., Хасенбекова Ж.Р., Калиекова К.С., Уызбаева И.К., Жантуреева А.А., Жусупова Г.Д., Таржанова Д.Ш. Исследование ранозаживляющих свойств субстанции на основе растения Жузгун (G 15) в эксперименте // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 73-81. doi 10.34689/SH.2024.26.3.008

Sakuov Zh.N., Khassenbekova Zh.R., Kaliyekova K.S., Uyzbaeva I.К., Zhantureeva A.А., Zhussupova G.D., Tarzhanova D.Sh. Experimental study of the wound-healing properties of a substance based on the Zhuzgun plant (G15) // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (3), pp. 73-81. doi 10.34689/SH.2024.26.3.008

Сакуов Ж.Н., Хасенбекова Ж.Р., Калиекова К.С., Уызбаева И.К., Жантуреева А.А., Жусупова Г.Д., Таржанова Д.Ш. Жүзгүн өсімдігінің негізіндегі субстанциясының жараны емдеу қасиетін эксперименттік зерттеу (G15) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 73-81. doi 10.34689/SH.2024.26.3.008

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-12

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 15

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.