STAPHYLOCOCCUS AUREUS БАКТЕРИЯСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ КЛИНИКАЛЫҚ БИОМАТЕРИАЛДАРДАҒЫ АНТИБИОТИККЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/f4deb016Кілт сөздер:
Staphylococcus aureus, антибиотикке төзімділік, биоматериалдар, гликопептидтер, жергілікті мониторингАңдатпа
Кіріспе: Антибиотиктерге төзімділік – қазіргі әлемдік денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, жиі кездесетін инфекция қоздырғышы – Staphylococcus aureus бактериясына қатысты. Дәстүрлі антибиотиктерге, соның ішінде пенициллин мен ампициллинге төзімділіктің артуы емдеу тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты, жергілікті деңгейде антибиотик сезімталдығын зерттеу қажеттілігі артып отыр. Мақсаты: Әртүрлі биологиялық материалдардан бөлініп алынған S. aureus штаммдарының антибиотиктерге төзімділік және сезімталдық үлгілерін салыстырып, инфекция түріне қарай тиімді препараттарды анықтау. Материалдар мен әдістер: Зерттеуге бес түрлі биоматериалдан алынған S. aureus бактериясының 726 клиникалық изоляттары енгізілді: қақырық (n = 346), ЛОР үлгілері (n = 322), жатыр мойны каналы (n = 15), жара бөліндісі (n = 6), көз конъюнктивасы (n = 37). 18 антибиотикке сезімталдық зерттелді. Алынған мәліметтер Excel және SPSS бағдарламаларында өңделді.
Нәтижелер: Staphylococcus aureus штаммдарының пенициллинге (16,9%) және ампициллинге (11,7%) жоғары төзімділігі анықталды. Линезолид, гентамицин, нитрофурантоин және гликопептидтер жоғары белсенділік көрсетті (87%-дан жоғары). Жара үлгілерінде гентамицинге 100% сезімталдық байқалды, ал көз үлгілері тейкопланинге жоғары сезімтал болды (89,2%). Қақырық пен ЛОР үлгілерінде антибиотикке төзімді штаммдар жиі кездесті. Қорытынды: Зерттеу нәтижелері S. aureus штаммдарының дәстүрлі антибиотиктерге төзімділігінің өсуі мен жергілікті мониторингтің маңыздылығын дәлелдейді. Линезолид, гентамицин, нитрофурантоин және гликопептидтер эмпириялық емдеуде тиімді таңдау бола алады.
Әдебиеттер тізімі
Mukasheva G.D., Maukayeva S.B., Kudaibergenova N.K., Shabdarbayeva D.M., Goremykina M.V., Urazalina N.M., Abdrakhmanova G.Zh. Antibiotic resistance of staphylococcus aureus to various clinical biomaterials: a comparative analysis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 70-77. doi 10.34689/SH.2025.27.2.009
Мукашева Г.Д., Маукаева С.Б., Кудайбергенова Н.К., Шабдарбаева Д.М., Уразалина Н.М., Горемыкина М.В., Абдрахманова Г.Ж. Антибиотикорезистентность staphylococcus aureus по различным клиническим биоматериалам: сравнительный анализ // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (2), С. 70-77. doi: 10.34689/SH.2025.27.2.009
Мукашева Г.Д., Маукаева С.Б., Кудайбергенова Н.К., Шабдарбаева Д.М., Уразалина Н.М., Горемыкина М.В., Абдрахманова Г.Ж. Staphylococcus aureus бактериясының әртүрлі клиникалық биоматериалдардағы антибиотикке тұрақтылығы: салыстырмалы талдау // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (2), Б. 70–77. doi: 10.34689/SH.2025.27.2.009
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.